Ректор блогы

Бейсембетов Искандер Калыбекович

бейсембетов искандер калыбекович27 қыркүйек 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.
      Экономикалық кибернетика факультетін бітірген (1990),экономист-математик; Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын аяқтаған.
      Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
      30-дан аса ғылыми жарияланымдардың авторы.
      1996 жылдан – экономикалық зерттеу Институтының (бұрынғы ҚазССР Мемжоспар жанындағы экономика институты) директоры, директордың орынбасары. 1999 жылдан – ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары. 2000 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан – ҚР стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттік төрағасы. 2003 жылдан – «ҚазМұнайГаз» КЕ АҚ басқарушы директоры.
      2004 жылдан – Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры.
      «АльПари» журналының негізін салушы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі.
      2015 жылдың 25 желтоқсанында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бейсембетов Искандер Калыбекович Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды.