ИИДМБ-2 шеңберінде бейіндік магистратура

ундемели даму       ИИДМБ-2 шеңберінде бейіні бойынша магистрлерді даярлау
 

2014 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) бекітілген. Бағдарламаның мақсаты – диверсификацияны ынталандыру және ҚР-ның өндірістік өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. ИИДМБ – 2 бағдарлама шеңберінде өндірістік өнеркәсіптердің бес басым бағыттарын дамыту  анықталған:

  • металлургия,
  • химия,
  • мұнай-химия,
  • құрылыс материалдарын өндіру,
  • машина жасау.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен және отандық кәсіпорындармен ынтымақтастық жүргізілуде.

 

ИИДМБ-2 бағдарламасын жүзеге асырудың аса маңызды шарты ҚР-ның ЖОО-мен ИИДМБ-2 салаларына қажетті мөлшерде жоғары білікті, сұранысқа ие жұмыс берушілер дайындау болып табылады. Осы міндетті іске асыру үшін К. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ гранттық қаржыландыру есебінен арнайы әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді. Біріншіден, мамандарды даярлау мақсатында, білім беру бағдарламалары енгізілді:
    

 

ИИДМБ-2 білім беру бағдарламалары

 

Мамандық коды және атауы Білім беру бағдарламалары Білім беру бағдарламалары ніске асыру мерзімі
1 6М071200 – Машина жасау Машина жасау инновациялық технологиялары және жабдықтары 2015-2016 оқу жылынан
    Тау-кен металлургия жабдықтарын пайдаланудың инновациялық технологиялары 2016-2017 оқу жылынан
2

6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы

Мұнайхимиясы  мен мұнайөңдеу 2015-2016 оқу жылынан
   

Көмірсутек шикізатын дайындаудың кәсіптік инженериясы және өндіріс қауіпсіздігі

2016-2017 оқу жылынан
3

6М070200 – Автоматтандыру және басқару

Өндірістік  процесстерді автоматтандыру 2015-2016 оқу жылынан
    Энергияны үнемдеуші автоматтандырылған электр жетек 2016-2017 оқу жылынан
4 6М070100 - Биотехнология Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология 2016-2017 оқу жылынан
5

6М070600 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау 2016-2017 оқу жылынан
6

6М070700 - Тау-кен ісі

Тау – кен ісі 2016-2017 оқу жылынан
7

6М071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Электротехника, электроника және телекоммуникациялар 2016-2017 оқу жылынан
8

6М072900 - Құрылыс

Ғимараттар мен құрылыстарды ерекше табиғи жағдайларда жобалау және құрылыс технологиясы 2016-2017 оқу жылынан

 

Барлық білім беру бағдарламалары бойынша серіктес-жоғары оқу орын сарапшыларынан және кәсіпорындардан пікірлер алынды. Білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша ОӘК және силлабустар жасалды, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындарымен келісілді. ПОӘК-тіңэлектронды нұсқасы университеттің арнайы сайтында орналастырылады: lms.kazntu.kz.

 

Білім беру процесіне шетелдік ғалымдар мен тәжірибелі, білікті ОПҚ тартылған. ИИДМБ-2 аясында ОПҚ біліктілігін арттыру курсынан өтті.

 

ИИДМБ-2 барлық білім беру бағдарламалары аясында инновациялық зертханалар құрылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша бір Кешенді зертхана«Технологиялық машиналарды пайдалану және өндірістік кешендерді автоматтандыру» құрылды.

 

«Индустрия 4» машина жасау технологиясы мен мұнай және энергетика салаларының басым проблемалары, 2016 жылы құрылған, өнеркәсіптік өндірістің әлемдік даму үрдісін талдау негізінде жаңа зертханаларды бағыттау шешімі қабылданды. ИИДМБ-2 міндеттеріне сәйкес келу мақсатында қабылданған шешімге байланысты атауы түзетілген 3 зертхана бар:

  • "Машина жасаудағы сандық технология" зертханасы;
  • "Химиялық синтез және мұнай өндіру" зертханасы;
  • "Электрондық құрылғыларды жобалау және монтаждау " зертханасы.

 

Жаңа инновациялық зертханалар ИИДМБ-2 шеңберінде университетке жоғары білікті мамандарды дайындау, техникалық пәндер бойынша халықаралық стандарттар талаптарының деңгейінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу және коммерциялық жобаларға қатысуын жандандыру мүмкіндігін береді. Магистранттар мұнда академиялық сабақтардан басқа магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Өндірістік практика өндірістік алаңдарда, үш жақты келісім-шартқа сәйкес жоспарланған. 2015 және 2016 жылдары қабылданған магистранттар контингенті, кәсіпорындарын көрсете отырып білім алушылар туралы ақпарат.

 

Оқу мерзімі – 1,5 жыл.

Оқыту нысаны – күндізгі.

 

К. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері:

– ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша грант негізінде оқиды;

– ҚазҰТЗУ-да 1 жыл оқып, жарты жыл Қазақстанның кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналастыру қарастырылған.

– Оқуды жақсы бітіргеннен кейін К. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың "Магистр" дәрежесі берілгендипломын алады.

 

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 408 кабинет, тел. 8-727-292-60-37, электрондық мекен-жайымыз: gpiir-2@mail.ru

ИИДМБ-2 бағдарламасы туралы толығырақ http://strategy2050.kz/ сайтынан білуге болады.

2017-2019 жылдарға арналған индустрияландыру Картасының жобалары бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат.

 

Договор ГПИИР.pdf

Форма Гарантийное письмо ГПИИР.pdf

Наверх