Қалай түсу керек

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ магистратурасына түсушілерге арналған жадынама

Магистратураға жоғары оқу орнының кәсіби бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

 

Магистратуға түсушілер ЖОО-ға келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш;
  2. Үміткердің сауалнамасы;­
  3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Жоғары білімі туралы құжатының түпнұсқасы мен нотариалды куәландырылған көшірмесі; Шетелдік ЖОО-да білім алған тұлғалар магистратураға түсу үшін алған білімі мен саласының деңгейіне сәйкес құжатты мойындау немесе білім туралы құжаттардың нострификациясы процедурасынан өтуі тиіс.
  5. Қосымша 1-де көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (болған жағдайда);
  6. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақшасы мен еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (еңбек өтілімі бар тұлғалар үшін);
  7. 3Х4 cм өлшемдегі алты фотосурет;
  8. 086-Уүлгісіндегі медициналық анықтама;
  9. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда);
  10. Тестілеуден өту төлемінің түбіртегі.

 

Реквизиттер: 

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

 Астана қ., Победа д., 60,             БИН 000140001853       

 ИИК KZ624500339860000388                 БИК ASFBKZKA КБе 16     

АҚ «Банк Астаны»

 

ГПИИР бойынша түсушілерге қосымша

  1. Ары қарай еңбекпен қамту  туралы ұйымнан алынатын кепілхат (үлгісі қоса берілген)
  2. Білім беру, өндірістік практика мен еңбекпен қамтуды қарастыратын ЖОО, магистрант пен кәсіпорын/ұйым арасындағы шарт (формасы беріледі).

 

Қосымша 1

Жалпыеуропалық стандарттарға сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар ҚР азаматтары магистратураға түсу үшін ағылшын тілінен емтихан тапсырудан босатылады: Test of English as Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 ұпайдан кем емес), Test of English as Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFLIBT, төменгі ұпай – 87ұпайдан кем емес), (TOEFL – 560 ұпайдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS –төменгіұпай6.0ұпайдан кем емес).

 

Барлық құжаттар бумаға (скоросшиватель) тігіледі. Негізгі бет мыналардан тұрады:

  1. Үміткердің аты-жөні (толығымен)
  2. Институт, кафедра
  3. Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы
  4. Мекенжайы, қала коды, телефон, ұялы телефон, электронды мекенжай
  5. Түсу жылы

 

Түсу құжаттарыҚ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ Қабылдау комиссиясында 1-29 маусым аралығында төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Сәтбаев к., 22. Түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында өтеді. Қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асады.

Қабылдау емтихандары

Шет тілдері бойынша

Арнайы пән бойынша

Шет тілі (ағылшын) бойынша қабылдау емтихандары тестілеу түрінде өткізіледі. Емтиханды ҚР БҒМ білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық Орталығы өткізеді. Шет тілі бойынша емтиханға жіберілуі үшін Қабылдау комиссиясынан рұқсат қағазын алу керек. Жеке басының куәлігі болуы керек.

Арнайы пән бойынша емтихан қазақ/орыс тілдерінде ауызша/жазбашатүрде өткізіледі.

 

Магистратураға түсетін шетел азаматтары қабылдау емтихандарын тапсырады:

Қазақ және орыс тілдері бойынша (білім алу тілі)

Мамандық бойынша

Шет тілінде ұсынылатын құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде аудармасы болуы керек. Шетел азаматтарымен ұсынылатын құжаттар ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім беру Департаментінде белгіленген тәртіп бойынша нострифициялануы керек.

 

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

Магистранттарды қабылдауды ЖОО Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының қорытындысы 100 ұпайлық бағалау көрсеткіші бойынша жоғары ұпай алғандар қабылданады.

  1. Ғылыми педагогикалық магистратура үшін 150 ұпайдан кем кем;
  2. Салалық магистратура үшін 130  ұпайдан, ал ағылшын тілінен 30 ұпайдан кем болмауы тиіс.

Қосымша 1-де көрсетілген шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына 100 ұпайлық бағалау көрсеткіші бойынша ең жоғары ұпай беріледі.

Байқау ұпайлары бірдей көрсеткіштері болған жағдайда мамандық бойынша ең жоғары ұпай алғандарға басымдылық беріледі, ал егер мамандық бойынша ұпай көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мемлекеттік , орысжәне шет тілдері бойыншажоғары ұпай алғандарға басымдылық беріледі. Содан кейін таңдап алынған мамандық саласы бойынша ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистранттарды мақсатты даярлауға қабылдау осы даярлыққа үміткер тұлғалардың арасында байқау негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша орындар, сонымен қатар мақсатты орындар игерілмеген жағдайдажоғары оқу орындары арасында қайта бөлу үшін білім берудің өкілетті органдарына қайтарылады.

Оқуға түсушілер құжаттарын қабылдау орындары
Наверх