Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мамандың шифры:

6М070400

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының мақсаты:

– кәсіби қызметтерінде керекті фундаментальды білімдерін, іскерліктерін және біліктіліктерін тереңдетіп оқыту;

– магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындауға керекті ІТ-технологиялар аймағында қазіргі заманауи жетістіктерді қолдану;

– қазіргі заманауи программалық өнімдерді әзірлеу үшін магистранттарды кәсіби қызметке дайындау;

– PhD – докторантурада кәсіби білім алуын жалғастыруға, өзбетінше оқып үйренуге және қазіргі заманауи кәсіби білім және іскерліктерді зерттеуді меңгеруге, инновациялық қызмет және үнемі дамып отыру қажеттіліктерін қалыптастыруға магистрларды дайындау;

– магистранттармен алмасу, магистранттардың акдемиялық ұтқырлығын кеңейту және дамыту;

– шетел ғалымдарын және өндіріс өкілдерін тарту арқылы «қонақ дәрістерін» дамыту және жетілдіру;

– жақын және алыс шетелдің кәсіби конкурстары және олимпиадаларына магистранттардың жүйелі қатыстыру;

– ІТ-технологиялар бойынша мамандарды дайындау сапасын арттыруға бағытталған, бірігіп қызмет ету мақсатында алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер және әлемдік вендорлармен өзара тиімділік орнату жолымен әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану.

 

 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының тапсырмасы:

– білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметтері арқылы, критикалық ойлау, кәсіби-бағытталған біліктіліктері мен іскерліктерін дамыту;

– әлемдік алдыңғы қатарлы ғылыми тәжірибелерге негізделген білім беру қызметін енгізу және жеке маман дайындаудағы брэнд құру;

– қазіргі заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде білім беру қызметтерінің сапа деңгейлерін арттыру;

– шағын технологиялық бизнес, перспективалық стартаптар және шағын инновациялық кәсіпкерлікке ықпал ететін, коммерцияландыру және тиімді қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелерді дамытуға жәрдемдесетін қолжетімді IT-инфрақұрылымды құру жұмыстарын жандандыру  және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

– білім беру сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, кәсіпорындармен серіктестік орнату, техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін халықаралық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялану және  технологияларды енгізу.

 

6М070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру мамандығының түлектерінің кәсіби құзыреттіліктері:

– есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мен сабақтас салалар аумағында заманауи технологияларды білу керек;

– есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында заманауи технологияларды құру және қолдана білу, сабақ өткізу әдістемесін және   программалық-педагогикалық құралдарды қолдану әдістемесін қолдана білу керек;

– ғылыми зерттеу программасын құра білу керек;

– перспективті бағыттарды анықтап, отандық және шетелдік зерттеушілерден алынған нәтижелерді бағалап және жалпылай білу керек;

– зерттелетін мәселе шешімі үшін алгоритм тұрғыза және шешімнің программалық-аппаратты таратылуын білу керек;

–IT-технологияны қолданып, пәндік саланы зерттеуде ұйымдастыру және жүргізу біліктілігіне ие болуы керек.

Наверх