Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы

Мамандың шифры:

6М072100

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

«6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша (2 жылдық оқу) Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiмен  (БСҚА -IQAA) 5 жылға, яғни 19.06.2021 жылға дейін аккредиттелген, сертификат № АВ0939  20.06.2016 ж.

Бағдарлама мақсаты: түлекті органикалық заттардың химиялық технологиясы бағытында, соның ішінде ғылыми білім беру бағдарламаларында  халықаралық аспектісін жоғарлату негізінде де, органикалық реагенттер, қышқылдар және  тұздардың аса маңызды түрлерін,  мұнай, көмір және биошикізаттардың қайта өңдеу өнімдерін өнеркәсіптік алудағы автоматтандырылған  өндірістің озық технологиялары саласында құзыретті, құзыреттерінде практикалық дағдылар басым болатын,  кәсіптік функцияларын бір және одан да көп қызмет түрлерінің шеңберінде жүзеге асыруға қабілетті маман ретінде дайындау.

Білім беру бағдарламасының мазмұны: Магистратураның білім беру бағдарламасында мамандардың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ететін арнайы пәндер мен ғылыми –педагогикалық мазмұндағы пәндерді терең игеру мүмкіндігі көзделген.

Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі болып магистранттардың білім алуы  теориялық курсының қажетті көлемін игеруі, ҚР МЖМБС талаптарына сай жұмыс және жеке оқу жоспарларын толықтай орындап үйренуі болып табылады, оған: білім берудің теориялық курсының 46–дан кем емес кредитін игеруі; ғылыми–педагогикалық және зерттеу тәжірибеден өтуі; Қазақстан Тарихы және мамандық бойынша Мемлекеттік емтихан тапсыруы; магистрлік диссертацияға дайындық және оны қорғау жатады. Дайындық күндізгі оқу бойынша мемлекеттік грант және ақылы бөлім арқылы кредиттік технологиямен   жүргізіледі.

Мансаптық келешегі:

 Магистр сапасы (деңгейі) жоғарырақ білім алады, бұл оған  кәсіби қызмет саласында бакалаврмен салыстырғанда қосымша мүмкіндіктер береді, сонымен қатар жеке жобаларды өз бетімен жүргізуге; ғылыми–зерттеу жұмыстарында және өнеркәсіптің өндірістік қызметінде қажетті шешімдерді өздігінен қабылдауға құқылы болады. Ғылыми- педагогикалық магистратураның түлегі, сонымен қатар, білім беру (педагогикалық) қызметін атқаруға мүмкіншілік алады.

Бұл мамандықтың түлектерінің көпшілігі екі деңгейлі білім алғаннан кейін «Атырау мұнай өңдей зауыты» ЖШС, «ТШО» ЖШС, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ЖШС химиялық өнеркәсіптерінде, сонымен қатар, шетел компанияларының химиялық салаларында білікті инженер қызметінде жұмысқа алынады, яғни бұл мамандық түлектерінің еңбек нарығында өзектілігін  және бәсекеге қабілеттігін көрсетеді.

 

«6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік дайындық (1,5 жылдық оқыту) дайындау бағыты  Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) аясында «Мұнай химиясы және мұнай өңдеу» мамандандығы бойынша  ұйымдастырылған. Бағдарлама Texas Technical University  (США), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу жұқа химиялық технологиялық университеті (МИТХТ), «Аменгелді ГӨЗ» ЖШС ТФ, «Мұнай өнімдерін тәуелсіз сараптау орталығымен» ЖШС (ORGANIC) бірлесіп жасалған.

Бағдарлама мақсаты: түлектерді бағдарламаның өндіріске бығдарланған құрамдас бөлігін арттырудың  есебінен көмірсутекті шикізаттың химиялық технологиясы, мұнай және газды өңдеу салаларында өнеркәсіп талаптарына бейімделген бәсекеге қабілетті мамандар дайындау болып табылады (өндірістік практика 6 айға дейін) .

Білім беру бағдарламасының мазмұны. Магистратураның білім беру бағдарламасы мұнай химиясы және мұнай, газ өңдеудің инновациялық технологияларын көрсететін «Өндірістік катализ және мұнай өңдеудегі катализаторлар», «Газ өңдеудің технологиялық үдерісі»; «Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеудеудегі заманауи тәсілдер»; «Жоғары тонналы мұнай химиялық өнеркәсіптеріне арналған өндірістік реакторлар», «Масса алмасу үрдістері мен аппараттарын модельдеу және есептеу» сияқты мамандық пәндерін тереңірек үйрету мүмкіншіліктерін қарастырады. Дәрістік/тәжірибелік сабақтардың үлгісіне магистранттардың «софт» дағдыларының дамуына ықпал ететін тәжірибелер енгізілген: командамен жұмыс істеу, жетекшілік дағдысы, өзін-өзі оқыта білу, жобалы- конструкторлық және технологиялық құжаттамалармен жұмыс істеу, техникалық әдебиет, ғылыми- техникалық есеп беру және басқа да ақпараттық материалдармен жұмыс істеу.

Мансаптық  келешегі:

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектісі: химиялық, экологиялық, мұнай химиялық, газ бағыттағы кәсіпорындар және зертханалар, мамандық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.

«Мұнай химиясы және мұнай өңдеу» мамандандырылған бағдарламасын бітірген магистр жаңа сапалы деңгейде білім ала алады, яғни ол қолданбалы бағыттағы бәсекеге қабілетті маман ретінде отандық және шетелдік кәсіпорындар экономикасының басты салаларында қызмет ете алады, жұмыс берушілермен серіктестік қатынастарда болады және ғылыми-техникалық және технологиялық жасалымдарға қатынаса алады.

 

«6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы  (1,5 жылдық оқыту) дайындау бағыты  Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2), «Көмірсутекті шикізатты өнеркәсіптік дайындаудың инженериясы және өндірістің қауіпсіздігі» мамандандыру бағытында ұйымдастырылған.

Бағдарлама мақсаты: түлектерді бағдарламаның өндіріске бығдарланған құрамдас бөлігін арттырудың  есебінен (өндірістік практика 6 айға дейін) мұнай және газды өнеркәсіптік дайындау, оның реагенттермен қамтамасыздығы және өнеркәсіптік қауіпсіздігі салаларында өнеркәсіп талаптарына бейімделген бәсекеге қабілетті мамандар дайындау болып табылады. Бағдарлама Sant Malaysia University (Малайзия), «Қазақ газ өңдеу зауытымен» ЖШС бірлесіп жасалған.   

Білім беру бағдарламасының мазмұны: Магистратураның білім беру бағдарламасы мұнай және газды өнеркәсіптік дайындаудың ерекшеліктерін және табиғат қорғау қызметтерін көрсететін «Мұнай және газды өнеркәсіптік дайындау технологиясы», «Мұнай өңдеу үрдістерінің химиялық реагенттері», «Табиғатты қорғау қызмет саласын ұйымдастыру және бақылау», «Техногенді қауіп және өндірістік қауіпсіздікті басқару», «Табиғи және техногенді сипаттағы сала объектісінің тұрақтылығы»; бәсекеге қабілетті пәндер: «Мұнайды дайындаудың өнеркәсіптік жабдықтары және машиналары», «Кәсіпорын салаларының қалдықтарын қайта өңдеу және пайдалану» сияқты  мамандық пәндерін тереңірек меңгерудің мүмкіншіліктерін қарастырады. Дәрістік/тәжірибелік сабақтардың үлгісіне магистранттардың «софт» дағдыларының дамуына ықпал ететін тәжірибелер енгізілген: командамен жұмыс істеу, жетекшілік дағдысы, өзін-өзі оқыта білу, жобалы- конструкторлық және технологиялық құжаттамалармен жұмыс істеу, техникалық әдебиет, ғылыми - техникалық есеп беру және басқа да ақпараттық материалдармен жұмыс істеу.

 «6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектерге «Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша технология және техника магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

 Мансаптық  келешегі:

 «Көмірсутекті шикізатты өнеркәсіптік дайындау инженериясы және өндірістің қауіпсіздігі» мамандандырылған бағдарламасын бітірген магистрлер, отандық және шетелдік кәсіпорындардың басым бөлігінің экономика салаларында, жұмыс берушімен серіктестік қатынастар негізінде және біршама тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әдістемелерді игеруде жоғары сұранысқа ие болатын, қолданбалы бағыттағы бәсекеге қабілетті мамандары  жоғары сапалы деңгейде білім алады.

    Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектісі: химиялық, экологиялық, мұнай химиялық, газ бағытындағы кәсіпорын мен зертханалар, мамандық бағыттары бойынша ғылыми - зерттеу институттары болып табылады.

Наверх