Пайдалы қазбаларды байыту

Мамандың шифры:

6М073700

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Пайдалы қазбаларды байыту – жер қойнауынан алынған минералдық шикізатты әртүрлі технологиялық байыту үдерістерімен өңдеумен ондағы бағалы минералдарды бос жыныс минералдарынан бөлу негізінде алдыңғысын металлургиялық өндірісіне дайындаудың ғылыми техникалық саласы болып саналады.

Кәсіптік қызмет нысаны – пайдалы қазбаларды және техногендік шикізаттарды өңдеудегі кен байыту фабрикалары, сондай-ақ сол бағыттағы кәсіпорындар, саладағы ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

Кәсіптік қызмет ету бағыттарына, пайдалы қазбаларды өңдеуде қолданылатын технологиялық үдерістер, тау-кен байыту өндірісінің құрал-жабдықтары және оларды бақылауда пайдаланатын автоматтық басқару жүйелері және өңдеуден алынған ақырғы өнімнің сапасын бақылау жұмыстары жатады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты болып:

– кен байыту саласы бойынша заманауи энергия үнемдеуші технологияларды қамтитын, жобалау ісі, инновациялық шешімдер, жоғарғы технологиялық саладағы кәсіпкершілікті қамтитын инновациялы экономикаға мамандарды қалыптастыру.

– мемлекеттік стандартқа сәйкес түлектің өзі таңдаған мамандығы бойынша, жемісті еңбек етіп, әлеуметтік мобилділігін арттырып, еңбек нарығында тұрақтануға ықпал етіп, оның біріңғай мәдени, әмбебап, кәсіби құзырын қалыптастыру.

– профессионалдық жұмыстың келесідей түрлері бойынша біліммен қамтамасыз ету: өндіріс-технологиялық; ұйымдастыру-басқару; ғылыми-зерттеу; мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жобалық.

– инженерлік тұрғыда жұмыс істеу үшін металлургиялық кәсіпорындарда мастер қызметінде немесе сол қызметте басқада ғылыми зерттеу мекемелерінде немесе коммерциялық құрылымдарда, профессионалды тұрғыда өсуге болашағы бар мамандарды дайындау.

– студенттердің жеке ғылыми-метрикалық көрсеткіштерін жолға қою.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мақсаттары болып:

  • -зерттеу бағыты бойынша профессионалдарды дайындау;
  • магистр өздігінен технологияларға өзгерістер енгізе білуі тиіс, сонымен қатар нұсқаулықтар құрастыру, нақты өндіріс орындарында сапалы өнім алу мақсатында жаңа сұлбалармен нұсқаларды ұсыну және де өзгерістерді басқара білуі тиіс;
  • металлургия профилі бойынша жоғарғы оқу орындарында педагогикалық тұрғыда жұмыс атқару үшін мамандарды дайындау.

Біздің түлектер білетін болады:

- кен байыту  өндірістердің ұйымдастырушылық құрылысын;

- әртүрлі кендерді өңдеуді қолданылатын технологияларды бағалау және салыстыру негіздерін;

- кен байыту қондырғылардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;

  • кен байыту нысандарын жобалауды;
  • инженерлік есептеу әдістерін және инженерлік және басқарушылық шешімдерді қабылдауды.

Біздің түлектер істей алады:

  • әлеуметтік сұрақтарды және экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, бағытты-бағдарламалық анализдеу әдістерін айырықшалауды;
  • шетелдік және салааралық, алғы салалық тәжірибені пайдалануды.
Наверх