Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» магистратура бағдарламасы

Мамандың шифры:

6М074700

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Миссия:
Білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті біріктіру базасында рудалы және мұнай-газ геофизика бағыттары бойынша геофизика кафедрасының оқытушылар мен профессорлар құрамын үйлестіру және күш-жігерін шоғырландыру.


Стратегия:
-  Магистранттардың  теориялық  даярлығы мен өндірісте алған білімдерін практикалық қолданысы арасындағы айырмашылықты қысқарту және жою;
-  Мамандардың дегейін өндірістің талабына сай  даярлау; 
-  Ғылыми зерттелер, инновациялық шешімдерді іздеу және перспективті ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік, инновациялық жобалар мен бағдарламаларға қатысу.


Мақсат:
Арнайы пәндер бойынша білім бағдарламасын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау, жер қыртысын зерттеу бойынша практикалық мәселелерді шешу үшін магистранттарды кәсіби қызметке дайындау. Сонымен қатар, геофизикалық әдістердің теориялық негіздерін, далалық геофизикалық мәліметтерді интерпретациялау және өңдеу принциптерін зерттеу, іргетастық және практикалық   мәселелерді шешу кезінде геофизикалық әдістерді кешендеу.


Шешілетін мәселерді:
-  Магистранттарды мұнай-газ және рудалы геофизиканың модульді бағдарламасы бойынша мультиаспектілі даярлау. Ғылыми және практикалық тапсырмаларды шешу, ғылыми-зерттеу жобаларын орындауда тәжірибе жинау, заманауи бағдарламалық құрал-жабдықпен жұмыс жасап үйрету. 
-  Ғылыми – техникалық ынтымақтастықты кеңейту; алдыңғы қатарлы дүниежүзілік және отандық ғылыми – зерттеулер мен білім беру орталықтармен, Ұлттық институттармен қарым-қатынаста болу. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау барысында, ғылыми, білім беру және жаңарту  қызметін отандық және шетелдік компаниялармен бірігіп іске асыру.


Оқылатын пәндер:
- Геофизикалық информатика
- Инженерлік геофизика
- Мәліметтерді кешенді түсіндіру ГИС
- Геофизикалық мәліметтер бойынша геологиялық ортаны моделдеу
- Геофизикалық зерттеулердегі заманауи ядролық технологиялар 
- Кенді және мұнайгаз геофизикасының арнайы курстары
- Техногендік геофизикалық құбылыстар 
- Экологиялық геофизика
- Аппараттық-әдістемелік кешен
- Кенді және гидрогеологиялық скважиналарды геофизикалық зерттеу 
- Жерді қашықтықтан зондтау
- Геофизикалық әдістерді біріктіру
- Сейсмостратиграфия

 

Кәсіби бағытталған дағдылар:
1- оқу жылы. Оқу бағдарламасын меңгеру және жеке оқу жоспарын орындау, теориялық немесе қолданбалы геофизиканың бір бөлімі бойынша магистрлік диссертация жазуға дайындық. 
2-оқу жылы. Бағдарламаны аяқтаған соң және ғылыми зерттеу практикасын өткеннен кейін магистрант творчествалық ойлау қабілетіне ие болады, қазіргі информациялық технологияларды игереді және теориялық қолданбалы геофизика бойынша практикалық тапсырмаларды шешу және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге кәсіби дағдыланады.


Профессорлық-оқытушылар құрамы: 
Сабақты геофизикалық потенциалды өрістерді, каротаж, сейсмобарлау мәліметтерін өңдеуде, интерпретациялауда, модельдеуде;  мұнай-газ және қатты пайдалы қазба кенорындары бойынша, сейсмологиядағы іргетасты және қолданбалы зерттеулер жүргізуде; жобалау мен ресурстарға және көмірсутек қорына баға беру жағынан үлкен тәжірибеге ие; авторлық (жеке) қадағалау, геологиялық барлау жұмыстарының аудит пен мониторингі, жердің геодинамикалық мониторингін жүргізу бойынша кешенді бағдарлама құрастыру және т.б.үлкен тәжірибесі бар, ғылыми дәрежесі және атағы бар профессорлар, ассоц. профессорлар, сонымен қатар, лекторлар жүргізеді. 


Жеке тіл табысу: 
әрбір магистрант диссертация тақырыбын оның кәсіби деңгейіне сай және жеке талғамына қарай, сонымен қатар, ғылыми жетекшіні де ғылыми-зерттеу, өндірістік және білім беру бағытына қарай таңдай алады. Әрбір магистрантқа диссертациялық жұмысының түрлі аспектілері бойынша консультация жүргізу үшін қосымша уақыт беріледі. 


Сабақ кешкі уақытта өтеді:
Магистранттың жұмысы мен сабағын қатар алып жүруге ыңғайлы сабақ кестесі. 
Оқу процесінің әдістері мен технологиялары, инфрақұрылым деңгейі 
-  «Магниттік барлау» зертханасы («ММП-203»,  «ММ-61-1», « PMG-2» магнитометрлер).
- «Петрофизика» зертханасы (таужынысының электрлік кедергісін өлшеуге арналған аспап – «ПетроОм»;  таужынысының магниттік қасиетін өлшеуге арналған аспап – «Каппаметр»).
- «Радиометрия» және «Электрлік барлау» зертханасы (ДКС-96 радиометрі, «РКС-01-СОЛО» радиометр-дозиметрі, «Астра-100» электрлік барлау генераторы, «Мери-24» электрлік барлау өлшеуіші, электрлік барлау кешені –  «ЗРА-1А»).
- «Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу» және «Сейсмобарлау» зертханасы (« Прогресс-01» сейсмобарлау станциясы). 
- «Гравибарлау»  зертханасы («ГНУ-КО» гравиметрлері) 
- Компьютерлік класстардағы бағдарламалар: Studio 3 (тау-кен-геологиялық, құрылымдық-блокты  модельдеу және қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу); SSMT 2000 (электромагниттік барлау мәліметтерін өңдеу);  Oazis Montaj  (гравитациялық және магниттік өрістерді өңдеу және модельдеу); «Geolog-Gold» «Echos-NexCen» (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің және сейсмобарлау мәліметтерін өңдеу және интепретациялау).


Жалпы кредит саны: 50 
Магистратурада оқудың соңғы кезеңі келесі компоненттерден тұрады:
• тау-кен және мұнай-газ компаниялары мен институттардағы ғылыми-зерттеу практикалары;
• Магистранттардың эксперименттік және зерттеу жұмыстары;
• Кешенді емтихан;
• Магистерлік диссертацияны қорғау.
 

Наверх