Машина жасау

Мамандың шифры:

6М071200

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

6М071200 – «Машина жасау» оқу бағдарламасының мақсаты машинажасау саласына білімді және білікті магистрлерді даярлау, бейінді және ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру,қоғамның және экономика дамуына үлес қосатын мамандарды дайындау

 

Кәсіптік қызмет объектілері:
Бейінді даярлау бойынша
-    Басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, сонымен қатар индустрия, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндірістік және тұтыну салалары
Ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша
-    Мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, индустрия, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндірістік және тұтыну салалары

 

Кәсіптік қызмет түрлері:
Бейінді даярлау бойынша – жобалық, өндірісті-технологиялық, ұйымдастыру-басқару
Ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша – ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық, өндірістік технологиялық, ұйымдастыру-басқару
-    Ғылыми тәжірибелерді жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесін дайындау, олардың нәтижелерін талдау, зияткерлік меншік объектілерін бекіту және қорғау
-    Мамандықтар бейіні бойынша оқұ-әдістемелік құралдарды дайындау, жариялау, енгізу
-    Жобаларға арналған тапсырмаларды дайындау, патенттік зерттеулер өткізу
-    Машина жасау мен өнеркәсіптік өндірістің металл өңдеуші салаларында технологиялық процесстерді жобалау
-    Ұжымның жұмысын ұйымдастыру, атқарушылық шешімдерді қабылдау, жұмысты орындау тәртібін анықтау және т.б.

 

Магистранттар компетенциясына қойылатын талаптар:
-    Машинажасау және металл өңдеудің технологиялық процестер саласындағы кейінгі жаңалықтар туралы, техникалық жүйелер мен құрылғыларды жасау үшін оларды пайдаланудағы перспективалар туралы
-    Машинажасаудың әр түрлі салаларында жобалау-конструкторлық, өнертапқыштық, ғылыми-ізденістік, инновациялық қызмет туралы
-    Халық аралық және отандық стандарттар, қаулылар, өкімдер, жоғарғы және басқа отандық ұйымдардың бұйрықтарын, әдістемелік, нормативтік, басқару материалдарын, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері мен техникалық даму перспективаларын, нормативтік талаптарын
-    Ғылым және техника жетістіктерін, машинажасау кешені саласындағы отандық озық және шетелдік тәжирибені
-    Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері мен есептеулер, жүргізілген зерттеулер мен әзірмелер тиімділігінің техника-экономикалық және экология – экономикалық көрсеткіштерін анықтау, ғылым және техника жетістіктерін, машина жасау кешені саласындағы отандық озық және шетелдік тәжирибені
-    Ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметті іске асыру үшін қажетті көлемде шет тілдерін пайдалану
-    Ғылыми және педагогикалық қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру, жоспарлау, өткізу жөніндегі мәселелерде, машина жасау кешенін жобалау, технология мен жабдықтарға қатысты ғылыми және педагогикалық қызметтің барлық аспектілерінде және т.б.

 

Өндірістік практиканы өткізетін базалары:
-  АО "Алматы ауыр машина жасау зауыты " АЗТМ
- АО « С.М.Киров ат. Машинажасау зауыты»
- ТОО "Алматы вентилятор зауыты"
- ТОО "МастерСклад"
- ТОО "Тенгизстройсервис Групп"
 АО «БЕЛКАМИТ»,  және т.б.


 
Халықаралық байланыстар
- Ивановский мемлекеттік химико-технологиялық университет (Ресей, Иваново қ);
- Мәскеулік мемлекеттік технологиялық университет «СТАНКИН» (Ресей, г. Мәскеу);
- «Беларустық Мемлекеттік Ғылым Академиясының Физико-техникалық институт» (Беларусь, Минск қ.);
- компания «ADEM» (Ресей,  Москва қ);
- Жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік мекемесі «Сибирская государственная автомобильно-дорожная академия (СибАДИ)» (Ресей, Новосибирск қ).

 

 Магистратураға қабылдау үшін қойылатын талаптар:
-    Кәсіптік жоғары білім
-    Емтихан нәтижесі бойынша конкурс негізінде
-    Қ.И. Сатбаев ат. ҚазҰТЗУға қабылдау ережелерін осы сайтта танысааласыз www.kazntu.kz.
-    Жылсайын мемлекеттік гранттар бөлінеді

 

 

Наверх