Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Мамандың шифры:

6M100200

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Магистратурада осы мамандық бойынша ғылыми, педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлау – екі бағыт бойынша жүргізіледі:  ғылыми және педагогикалық; бейіндік.

 

Магистратураның оқу бағдарламасын игерудің нормативті ұзақтығы:
• ғылыми және педагогикалық даярлықта 2 жылды құрайды;
бейіндік даярлықта 1,5 жылды құрайды.


 Магистратура түлектерінің кәсіби қызметтерінің нысандары:
- ғылыми және педагогикалық даярлықта: ақпараттық қауіпсіздік жүйесі саласындағы жұмыстармен айналысатын орта кәсіби және жоғары оқу орындары, сондай-ақ  ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері;
- бейінді дайындықта: мемлекеттік басқару органдары, қаржы ұйымдары, жобалау ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар.

 

Магистр даярлаудың оқу бағдарламасы ұсынады:

- ғылыми және педагогикалық даярлықта:
1) таңдаған кәсібі саласында терең білім алу және құзіреттілікке ие болу;
2) азаматтық ұстанымы бар, кәсіби мәдениеті өте жоғары, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге және тұжырым жасауға қабілетті, ЖОО-да сабақ беретін, зерттеушілік және басқарушылық қызметті сәтті іске асыратын мамандарды даярлау;   
3) ғылыми-зерттеушілік  дағдыны игеру,  түрлі деңгейдегі ғылыми шараларға қатысу, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру;
4) ЖОО педагогикасы мен психологиясы саласында білім алу және ЖОО оқытушылық тәжірибесін меңгеру.

Бейінді дайындықта:
1) таңдаған кәсібі саласында терең білім алу және құзіреттілікке ие болу;
2) бүкіл белсенді өмірлік әрекетінде өзіндік шығармашылықпен білімге деген қажеттіліктері мен дағдыларын  жетілдіру және өзіндік даму қабілетін қалыптастыру; 
3) кәсіби жинақылыққа кепілдік беретін ғылымдар тоғысында іргелі  курстарды меңгеру.

 

Магистранттарға екінші оқу жылын шетелдік серіктес университеттерде, атап айтқанда АҚШ, Батыс Еуропа және Ресей елдерінде жалғастыру нәтижесінде халықаралық білікті магистрінің екі дипломын алуға мүмкіндік беріледі.

 

Магистранттың төмендегі кредиттерді орындауы магистратурадағы оқу процесін аяқтауының негізгі критерийлері болып табылады:
•  ғылыми және педагогикалық даярлықта - 51 кредиттен кем емес.
бейіндік даярлықта - 38 кредитті игеруі болып табылады.

 

Магистратура түлегіне  "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері"  мамандығы бойынша қауіпсіздік  магистр академиялық дәрежесі (1,5 жыл),   "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері "  мамандығы бойынша әскери ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі (2 жыл) беріледі.
Наверх