Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Мамандың шифры:

6М073100

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Кәсіптік пән  – Физика
    
     

6М073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының кәсіптік қызметінің саласы – төтенше жағдайларда еңбекті қорғау, адам мен қоршаған ортаны  қорғауға бағытталған адам қызметінің технологиялары, құралдары мен әдістерін енгізетін ғылым, техника және өндіріс саласы болып табылады.
Кәсіптік қызмет объектісі  – қауіпті өндіріс, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, төтенше жағдайларда қорғауға байланысты кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да  объектілер.
МП 6М073100 мақсаты  – «ТҚжҚОҚ»  жағымсыз жағдайда алдын ала ескерту мен жою үшін, сәйкес кәсіби білімі мен өз дәрежесінде тәжірибелік дағдысына сай, шешім қабылдауға қабылетті талап етілетін мамандарды даярлау болып табылады.
    

6М073100 – «ТҚжҚОҚ»  мамандығының жалпы білім беру бағдарламасының міндеттері:
- бәсекелестікке қабылетті мамандарды көп деңгейлі даярлау жүйесін жетілдіру;
- қазіргі экологиялық және оған байланысты әлеуметтік мәселелерді  талдай, болжай   және шеше білетін, табиғатты пайдалануға ынталандыратын, экологиялық мәдениет пен тәрбиені насихаттауға қабылетті экологиялық сауатты, мәдениетті  және әлеуметтік бейімделген ұрпақты қалыптастыру болып табылады.

 

Білім берудің  мақсаты пәндік – өзіндік, әрі пән аралық құзыреттілікті қамтиды:
зерттеулік: тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында білім алу, ақпаратты басқара білу мен дағдылану, зерттеу мәдениетін ұдайы жетілдіруге талпыну;
педагогикалық:   педагогикалық шеберлік негіздерін білу,  инновациялық -  педагогикалық  технология  білімдерін меңгеру,  педагогикалық қызметте  ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдалана білу.

 

Біздің түлектеріміз білу қажет:
- ҚР Конституциясының негізгі ережелерін, тіршілік қауіпсіздігі және  қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану, төтенше жағдайларда қорғау саласындағы заңнамалық және  нормативтік – техникалық  актілерді;
- оқыту принципін;
- тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге арналған өткізілетін  іс-шаралардың техникалық-экономикалық және   экологиялық-экономикалық тиімділіктерін бағалау әдістерін;
- еңбекті қорғау, өнеркәсіптік экология және тіршілік қауіпсіздігі саласында ғылыми зерттеу негіздерін;
-  тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған базалық тілдерді және бағдарламалау  негіздері, типтік-бағдарламалық өнімдерді білетін болады.

 

Біздің түлектер қолдана білуі және істей алуы қажет:
- кәсіптік қызметтеріне  қатысты заңнамалық, нормативтік және құқықтық құжаттарды пайдалану;
- сөйлесу әдебі ережелерін пайдалана отырып,  мемлекеттік және басқа да шет тілдерінде сұхбат-диалог  жүргізу, ақпараттарды  іздеу мақсатында сөздік қолданбай, мамандықтары бойынша әдебиеттерді оқуға, сөздікпен мәтіндерді аударуға,  шет тілдерінде аңдатпаларды, рефераттарды және іскерлік хаттарды   құруға;
- танымдық және кәсіптік қызметіне байланысты және негізгі ғылымдардың  базалық білімдерін пайдалану;
- нақты уақыт  тәртібінде мәселелерді шешуге арналған геокеңістіктік мәліметтерді пайдалану бойынша әдістер мен  инновациялық  технологияларды пайдалануға  дағдыланатын болады;
- түлектер өз бетінше жаңа ғылыми бағытты меңгерулері, ал болашақта  жаңа ғылыми мектептің  іргетасын қалаулары қажет;
- мемлекеттік тілді және ұлт аралық  қатынас тілін, шет тілінің біреуінің лексикалық және грамматикалық минимумдарын меңгеруге;
-  өндірістік қатынастардың негіздері бойынша  және техникалық, қаржылық, психологиялық және адами   факторларды есепке ала отырып, басқару принциптерін;
- бағдарламалық өнімдермен, заманауи  ақпараттық технологияларда жұмыс жасау,  ғылыми-техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу, талдауға;
- экономиканың әртүрлі салаларында  берілген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін  негізгі нормативтік-құқықтық   және анықтамалық құжаттармен жұмыс жасауға  дағдыланулары қажет.

     

Магистратураға  түсуге қажетті құжаттар

         

Магистратураға   түсуге арналған құжаттардың тізімі  әдетте бакалавриатқа түсу сынақтарынан өтуге қажеттілерінен  көп ерекшелігі жоқ. Ерекшелігі тек жалпы білім беру аттестатының орнына жоғары  білім алуы туарлы дипломды талап етеді.

 

 

Наверх