Математикалық және компьютерлік модельдеу

Мамандың шифры:

6М070500

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Математикалық және компьютерлік модельдеу – ғылымның және техниканың әртүрлі салаларындағы процестердің және технологиялардың модельдерін құру үшін қажетті компьютерлік модельдер құру әдістерін, математикалық әдістер жиынын өз ішіне алатын ғылымның және техниканың бір саласы.

Кәсіптік қызмет объектілері – ғылыми-зерттеу мекемелері; телекоммуникациялық мекемелер; білім беру мекемелері; өндіріс мекемелері.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Математикалық және компьютерлік модельдеу саласында қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғылымды және жаңа технологияларды кемелдендіру мәселелерін шеше алатын, олардың іс жүзіне асуын тиімді басқара алатын ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін қалыптастыру;

Жоғары деңгейге бағытталған тілдердегі бағдарламаларды қолдану арқылы физикалық, табиғи, химиялық, медициналық, биологиялық және экономикалық процесстердің математикалық моделін құру, ғылымның және пәндердің көптеген бағыттарын синтездеуге негізделген күрделі анимациялық тиімділіктерді құру;

Жаһандық стандартқа сәйкес жоғары кәсіпті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

Заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіпті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың халықаралық тәжірибедегі принциптерге сәйкес білім беру процесін іске асыру;

 

Магистратураның білім беру бағдарламасының тапсырмасы – мемлекет ішінде және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті Отандық магистранттардың дайындау, магистрлік бағдарламаның жаһандық білім беру кеңістігіне кірігуі болып табылады.

 

Білім беру бағдарламасында магистранттың шешуші құзіреттілігіне, қойылатын талаптары. Магистрант мамандығы бойынша мәселелерді шешу үшін:

Үйренетін нақты зерттеу объектісі туралы, математикалық және компьютерлік модельдердің құрылымдары туралы, болжамдар жасау бойфнша, берілгендер қорын құрастырғанда модельдеу объектілерінің өзара байланыстары туралы өзінің көз қарасы  болуы қажет;

Модельдеу және болжамдар жасау саласында математикалық және компьютерлік модельдер құру үшін ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізудің заманауи әдістерінен, алдыңғы қатардағы білімдерден хабаардар болуы қажет;

Ғылымның және техниканың әртүрлі салаларында математикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи ақпараттық технологияларын қолдану бойынша өзінің көз қарасы болуы тиіс.

 

Біздің түлектеріміз біледі:

Жоғары деңгейдегі бағдарламалар жасау және компьютерлік модельдеу саласындағы заманауи ақпараттық технологияларды;

Ғылым және техниканың әртүрлі салаларында модельдеу технологияларына қатысты құқықтық тағы басқа нормативтік материалдарды;

Модельдеу және болжамдар жасау бойынша қойылған мәселелерді шешудің негізгі ұйымдастыру, басқару және экономикалық принциптерін;

 

Біздің түлектеріміз игереді:

Кәсіби қызметіне қатысты заңды, нормативтік және құқықтық құжаттарды қолдануды;

Мемлекеттік және шет тілдерде сұхбаттар жүргізуді, мамандығы бойынша әдебиеттерді сөздіксіз оқуды, шет тілінде аңдатпалар құрастыру, рефераттар, баяндамалар және іс хаттарын жазуды;

Үйрену және кәсіби қызметтерінде сыбайлас және іргелі ғылымдардың негізгі білімдерін қолдануды;

Жаңа ғылыми бағытты өздігінше игеруді;

Техникалық, қаржылық, психологиялық және аадами факторларды ескере отырып, өндірістік қатынастардан және басқару принциптерінен пайдалануды;

Жоғары деңгейдегі тілде бағдарлама жасауды, жаңа заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуді, компьютерлік модельдерді құру және бағдарламасын жасау;

Заманауи жаңа математикалық әдістерді және модельдеу және болжамдар жасау әдістерін;

Экономиканың көптеген салаларында қойылатын есептерді шешуді қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқықтық және анықтаушы құжаттар және материалдар мен жұмыс істеу.

Наверх