Металлургия

Мамандың шифры:

6М070900

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Металлургия – бұл кен орындарынан немесе басқа да материаллдардан металдарды алуға, сонымен қатар металдық қорытпалардың химиялық құрамы, құрлымы және қасиеттерінің өзгерісімен байланысты үрдістерді қамтитын ғылым мен техниканың саласы.

Металлургияға кіретіндер:

Табиғи шикізаттан және басқа металл құрамдас өнімдерден металдарды өндіру;

қорытпаларды алу;

металдарды ыстық және суық күйінде өндеу;

пісіру;

металдан қаптама жалату;

металдардың, интерметаллидтердің және қорытпалардың физикалық және химиялық өзгерістерін зерттейтін материалтанусаласы.

Профессионалды қызмет нысандары – металлургиялық кәсіпорындар, зауыттар, тау-кен металлургиялық кешендер, жобалық ұйымдар, металлургиялық зерттеу орталықтары, химия өнеркәсіптері, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО-ы, МОО-ы. Минералды және техногенді шикізатты өндеу үшін технологиялық үрдістер және құрылғылар, қара және түсті металдарды және олардан бұйымдар өндеу және өндіру; технологиялық операцияларды іске асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау үшін және энергия мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін құрылғылар мен үрдістер; қондырғыларды, өнімдерді, материалдарды және үрдістерді зерттеу; жобалар, материалдар, әдістер, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджмент жүйесі, математикалық модельдер, өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімдер.

Білім беру бағдарламасының мақсаты болып:

– металлургия бойынша заманауи энергия үнемдеуші технологияларды қамтитын, жобалау ісі, инновациялық шешімдер, жоғарғы технологиялық саладағы кәсіпкершілікті қамтитын инновациялы экономикаға мамандарды қалыптастыру.

– мемлекеттік стандартқа сәйкес түлектің өзі таңдаған мамандығы бойынша, жемісті еңбек етіп, әлеуметтік мобилділігін арттырып, еңбек нарығында тұрақтануға ықпал етіп, оның біріңғай мәдени, әмбебап, кәсіби құзырын қалыптастыру.

– профессионалдық жұмыстың келесідей түрлері бойынша біліммен қамтамасыз ету: өндіріс-технологиялық; ұйымдастыру-басқару; ғылыми-зерттеу; мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жобалық.

– инженерлік тұрғыда жұмыс істеу үшін металлургиялық кәсіпорындарда мастер қызметінде немесе сол қызметте басқада ғылыми зерттеу мекемелерінде немесе коммерциялық құрылымдарда, профессионалды тұрғыда өсуге болашағы бар мамандарды дайындау.

– студенттердің жеке ғылыми-метрикалық көрсеткіштерін жолға қою.

Магистратураның білім беру бағдарламасының мақсаттары болып:

ғылыми-зерттеу бағыты бойынша профессионалдарды дайындау;

магистр өздігінен технологияларға өзгерістер енгізе білуі тиіс, сонымен қатар нұсқаулықтар құрастыру, нақты өндіріс орындарында сапалы өнім алу мақсатында жаңа сұлбалармен нұсқаларды ұсыну және де өзгерістерді басқара білуі тиіс;

металлургия профилі бойынша жоғарғы оқу орындарында педагогикалық тұрғыда жұмыс атқару үшін мамандарды дайындау.

Біздің түлектер білетін болады:

- металлургиялық өндірістердің ұйымдастырушылық құрылысын;

- қара және түсті металлдарды өндіруді бағалау және салыстыру негіздерін;

- металлургиялық қонырғылардың құрылысын;

металлургиялық нысандарды жобалауды;

инженерлік есептеу әдістерін және инженерлік және басқарушылық шешімдерді қабылдауды;

металлургиялық процестер және технологиялардың іргелілік негізі;

металлургиялық үрдістердің жылуэнергетикасын және жылу физикасын, пештер теориясын, инженерлік есептеулердің негізін;

- арнайы материалдарды алу технологиясы;

- металлургиялық үрдістерді зерттеу кезінде қолданылатын заманауи физика-химиялық анализдердің тәсілдері мен әдістері;

- металдарды тазарту және бөлудің әдістері мен үрдістері;

- инженерлік қызметте жобалаушы және басқарушы тәсілдеме.

Біздің түлектер істей алады:

әлеуметтік сұрақтарды және экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, бағытты-бағдарламалық анализдеу әдістерін айырықшалауды;

шетелдік және салааралық, алғы салалық тәжірибені пайдалануды;

профессионалды комуникациялық және көп тілді машықтарды меңгеру, заманауи аналитикалық қондырғыларды пайдалануды білу, металлургиялық өндірістегі технологияларды және алғы әдістерді пайдалануды;

техногедік және табиғи минералды шикізатты өңдеуді, металдар мен қорытпаларды және олардан бұйымдар алу және өңдеудің технологиялық үрдістерін іске асыру,  өндірістін техногендік әсерінен қоршаған ортаны қорғау шаралары.

өнімнің сапасын қамтамасыз ету шараларын іске асыру;

технологиялық қондырғыларға қызмет етуді ұйымдастыру және технологиялық қондырғыларды орналастыру, техникалық қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ұйымдастыруды іске асыру;

зерттеу жұмыстарын жүгізу;

әдеби шолу және патенттік іздеулер жасау, техникалық есептеулерді, ақпараттық шолу, жарияланымдар іке асыру;

зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғылыми техникалық ақпараттарды үйрену;

жұмыстық және жобалық техникалық құжаттарды жобалау;

металлургиялық процесстерді зерттеу кезінде кинетика және термодинамика бойынша нәтижелерді өңдеуді және үйрену әдістерін пайдалану;

металлургиялық шикізаттын рационалдық құрамын есептеу, материалдық және жылу балансын, стехиометриялық есептеулерін, металлургиялық отынның құрамы мен көрсеткіштерін, металлургиялық үрдістердің негізгі көрсеткіштерін және металлургиялық пештер мен аппараттардың параметрлерін есептеудің әдістемелірін қолдан;

салалық, салааралық және шетелдік тәжірибені алдынғы қатарлы қолдану.

Наверх