Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Мамандың шифры:

6М073800

«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы металдар мен металлемес материалдарды өңдеу технологиясы, сонымен бірге материалдарға түрлі деформациялық орталармен әсер ету арқылы жаңа материалдар жасау аймағында магистранттарды дайындауға бағытталған.
       

Бағдарламаның негізгі тұтынушылары мен  ниетті тараптарына мыналар жатады:қара және түсті металлургия, тау-кен-металлургия саласы мен әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары, мемлекеттік басқару органдары, жоғары және орта оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-конструкторлық ұйымдар, түрлі меншік формасындағы фирмалар.
       

Магистранттар келесі кәсіптік қызметтердің түрлерін орындай алады:                                                

- ұйымдыру-басқару; өндірістік-технологиялық; есептік-жобалау; орнату-баптау; ғылыми-зерттеу; педагогикалық.
       

Негізгі мақсаттар:                                                                                                                                                                    

- материалдарды қысыммен өңдеу аймағындағы бәсекелестікке шыдайтын маманды дайындау, оның ішінде оқу, ғылыми бағдарламалардың, алдыңғы қатарлы технологиялардың кәсіптігін, ғылыми зерттеулер және олардың нәтижелерін рәсімдеудің халықаралық аспектісін арттыру негізінде;                                                                                                                

- материалдарды қысыммен өңдеудің белгілі технологияларын жетілдіру және жаңа технологияларды жасау бойынша жұмыстарды орындауға, тиісті жабдықтар мен құрылғыларды таңдау, материалдарды қысыммен өңдеу процестерін математикалық модельдеу бойынша кәсіптіктерті игеру.                                                                                                         
     

 6М073800 - «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша магистрлік академиялық атағын алған мамандар қысыммен өңдеу барысында материалдардың күй-жайының өзгеруі, олардың материалдарды микро- және нано- деңгейдегі синтездеу мен активациялау есебінен наноматериалдарды қалыптастыруға өтуі, әр түрлі жүктемедегі әсерлер: импульсті, сырғыту, шағылысу және т.б. жайлы түсініктер.                                                                   
       

Жыл сайын магистрантарға лекциялар және кеңес беру үшін шетелдің (Жапония, Германия, Швеция, Португалия, АҚШ және Ресей ұлттық зерттеу университеттері) алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары шақырылады. Онда  6М073800 - «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» оқу бағдарламасында оқитындар өздерінің дайындалу бағыттары бойынша қосымша білімдер мен кеңестер алуға, сонымен қатар ағылшын тіліндегі деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар.

Наверх