Мұнай-газ ісі

Мамандың шифры:

6М070800

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Магистратура бағдарламасының негізгі міндеттері
бейіндік даярлықта:

- әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындар, ұйымдар мен металлургиялық өнеркәсіптің тиісті саласының басқару органдарының басшыларын даярлау;
 

ғылыми –педагогикалық даярлықта:
- білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламалары бойынша тиісті ғылыми пәндерді оқыту үшін мамандар даярлау;

- ғылыми-зерттеу ұйымдарына маман даярлау.

 

Магистранттарға екінші оқу жылын шетелдік серіктес университеттерде, атап айтқанда АҚШ, Батыс Еуропа және Ресей елдерінде жалғастыру нәтижесінде халықаралық білікті магистрінің екі дипломын алуға мүмкіндік беріледі.

 

Оқу бағдарламасының ұзақтығы :
• ғылыми және педагогикалық даярлық
  2 жылды құрайды;
• бейіндік даярлықта 1,5 жылды құрайды.

 

Магистранттың төмендегі кредиттерді орындауы магистратурадағы оқу процесін аяқтауының негізгі критерийлері болып табылады:
• ғылыми және педагогикалық даярлықта - 46 кредитті;
• бейіндік даярлықта– 36 кредитті меңгеруі болып табылады.

 

Магистратура түлегіне «Мұнай-газ ісі»  мамандығы бойынша техникалық ғылымдар мен технологиялар  магистрінің академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:

- мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары, құрлықтағы әрі теңіздегі мұнай, газ, газ конденсаты кенорындары, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау бойынша кәспорындар, магистральді мұнайгаз құбырлары, мұнай қоймалары мен базалары, жерасты газ қоймалары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері, мұнайгаз кешені қызметтерін  мемлекеттік басқару мен қадағалау органдары, оқу орындары, жобалау ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары, білім беру саласында мемлекеттік басқару органдары.

Наверх