Құрылысматериалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру

Мамандың шифры:

6M073000

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Т.К. Басеноватындағы институттың «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы  6М073000-«Құрылысматериалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандық тарыбойынша магистрларды дайындауды жүргізеді.

 

Бағдарлама сипаттамасы

 6М073000- «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру » білім беру бағдарламасы өндірістік технологиялар мен оларды жобалау, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарды жобалау, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың болашақ мамандары ретінде мүмкіндіктер ашады.

 

Академиялық дәрежесі: «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру магистры».

 

Бағдарлама мақсаттары

Бағдарламаның білім беру мақсаты кең тұрғыда алғанда университетті бітіргеннен кейін түлектердің аталған бағдарлама дайындайтын мансаптық және кәсіби жетістіктерін сипаттайды.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру мамандықтары бойынша магистр дәрежесін алғаннан кейін, 4 жыл өткен соң біздің түлектеріміз төмендегідей кәсіби деңгейге жетеді деп күтеміз:

- Құрылыс және құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндірудің маңызын толық түсінетін, түрлі өнеркәсіптік ұйымдарда, секторларда және АЖ қолданатын таптаурын емес салаларда жұмыс істей алатын тәжірибелі, техникалық құзыретті және құрылыс саласында табысты мамандар болып шығады;

- жобалау мен құрылыс материалдарды өндіру командасының құзыретті, алдына мақсат қойғыш және тәжірибелі мүшесі мен оның көшбасшысы болып табылатын, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да оқу кезінде концептуалдық білім мен дағдыларды пайдалану барысында кәсіби тұрғыда және өзбетімен жұмыс істей алатын дағдыларды меңгерген, сонымен қатар жеке компанияларда, кәсіби даму барысында мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде ғимараттарды жобалау, құрылыс материалдарды әзірлеу және өндіру кезінде біліктілігі жоғары мамандар болып шығады;

- ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған жоғары оқудан кейінгі, кәсіби және сертификаттық бағдарламаларда үздіксіз оқи алатын, сонымен қатар алынған білімнің қажеттілігіне диагностика, талдау жасауға және анықтауға қабілетті, әрі үнемі жеке біліктілігін арттырумен жұмыс істей алатын кәсіби маман бола алады.

 

Бағдарлама міндеттері

Бағдарламаның міндеттері нақты алғанда студенттер университетті аяқтағаннан кейінгі меңгеруі тиіс дағдылар мен білімдерді сипаттайды.

Түсіну – құрылыс материалдардың технологиясының кезеңдері және олардың химиялық қосылыстары мен қасиеттері, әр түрлі ғимараттар мен үймереттердіңжәне конструкциялардың қайта жөндеу, монтаж және жобалау жұмыстарын жүргізу, құрылыс алаңындағы қауіпсіздік техникасы.

Күмән келтіру – ғимараттар мен үймереттерді жобалау, құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндірумәселелеріне қатысты альтернативті болжауларға, ұсыныстарға, процедураларға, компромисстерге және нәтижелерге сын көзбен қарау.

Көшбасшы болу – жобалаушылар және инженер-технологтар командасының жетекшісі болу, сол командада әртүрлі рөлдер атқару және команданың алға қойған мақсатқа жету үшін үлес қосып жатқандығын түсіну.

Өзара әрекет – алынған нәтижелерді көпшілікке көрсету, жұмыс құжаттарын рәсімдеу үшін жазбаша және ауызша тілдесуді пайдалану.

 

Болашақтағы мүмкіншіліктер

Біздің түлектеріміздің жетістіктері бірнеше жыл бойы АТ саласындағы жогары денгейлі мамандар дайындайтынымыздың дәлелі болып келеді. Біздің факультетіміздің түлектері ой өрісі кеңділігімен, жоғары кәсіби біліктілігімен, аналитикалық ойлауымен және ұжымда жұмыс істей білуімен ерекшеленеді. Біздің бүгінгі студенттерімізбен келешекте біздің факультемізде білім алатын оқушылар кәсиби салада алдағы өткен түлектерімізден кем емес табысқа жетер деп үмітттенеміз.

 

Наверх