Мұнай химиясы

Мамандың шифры:

6М073900

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

«6М073900 – Мұнай химиясы» білім беру бағдарламасының білім беру бағдарламасы ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша (2 жылдық оқу) Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз қазақстандық агенттігмен  (БСҚА -IQAA) 5 жылға, яғни 19.06.2021 жылға дейін аккредиттелген, сертификат № АВ0939  20.06.2016 ж.

Бағдарлама мақсаты: түлектерді мұнай химиясы және мұнай және газ өңдеудің химиялық технологиясы саласында бәсекеге қабілетті маман ретінде дайындау, сонымен қатар ғылыми бағдарламалардың халықаралық аспектісін ұлғайту негізінде, органикалық заттардың (қышқыл, тұздар, ароматты қосылыстар және т.б.), мономерлердің және полимерлердің мағызды түрлерінің алынуы және өндірісінде тәжірибелік білім беріп  кәсіби деңгейін қалыптастыру бағытында, бір және бірнеше қызмет түрлерін атқара алатын білікті мамандарды дайындау.

Білім беру бағдарламасының мазмұны: Магистратураның білім беру бағдарламасы мамандардың жоғары деңгейлі кәсіби дайындығын қамтамасыз ететін мамандық пәндерін және ғылыми-педагогикалық бағыттағы пәндерді тереңірек игеру мүмкіндіктерін қарастырады.

Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі магистранттардың теориялық оқыту курсының қажетті көлемін игеруі: ҚР МЖМБС талаптарына сай жұмыс және жеке оқу жоспарын толық орындауы; теориялық оқу курсының 24-дан кем емес кредитін игеруі;  зерттеу және ғылыми–педагогикалық тәжірибеден өтуі, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруы; магистрлік диссертацияға дайындалуы және қорғауы болып табылады. Дайындық мемлекеттік грантпен бірге ақылы негізде кредиттік технологиямен білім берудің күндізгі бөлімі бойынша жүргізіледі.

«6М073900 – Мұнай химиясы» мамандығы бойынша магистр инновациялық жобаларды жүзеге асыру кезінде  ұйымдастырушылық-өндірістік мәселелерін шешу саласында негізгі құзыреттілікке ие, инновациялық жобаларды әзірлеу және  кәсіпорынды ұйымдастыру қызметінің  «іргелі зерттеулер – ҒЗЖ (ТКЖ) – өнімнің жаңа түрлерін өндіру» инновациялық циклдың  барлық тізбегі бойынша  дайындалған, қызметкерлермен жұмыс істеудің заманауи әдістері мен тәсілдеріне, инновациялық ұжымдар құру әдістемелеріне ие маман.

«6М073900 – Мұнай химиясы» білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектерге «Мұнай химиясы мамандығы бойынша техника ғылымының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Мансаптық келешегі:

Магистр жоғары сапалы (деңгейі) білім алады, ол оны кәсіби қызмет саласында бакалаврмен салыстырғанда қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, оның ішінде жеке жобаларды өз бетімен жүргізуге; ғылыми – зерттеу жұмыстары және өнеркәсіптің өндірістік қызметінде қажетті шешімдерді қабылдауға құқылы болады және т.б. Ғылыми – педагогикалық магистратураның түлегі, сонымен қатар, білім беру (педагогикалық) қызметін атқаруға да мүмкіншілік алады.

Бұл мамандықтың түлектерінің көпшілігі екі деңгейлі білім алғаннан кейін мұнай -, газ өңдеу зауыттарында, мұнай базасында, сараптау зертханаларында, ғылыми - зерттеу институттарында, біріккен инженерлік кәсіпорындарында білікті инженер қызметінде жұмысқа алынады, яғни бұл мамандық түлектерінің еңбек нарығында өзекті болатындығын  және бәсекеге қабілеттігін көрсетеді.

Наверх