Жобаларды басқару

Мамандың шифры:

6М051800

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

Жобаларды басқару- жобаны білу (жоба мазмұны, мерзімі, құны, тәуекелдер,сатып алу, коммуникациялар, мүдделі тараптар және т.б.) әртүрлі функционалдық облыстарды басқарудың бүкіл күрделі кешен мәселелерін біріктіретін дербес сала болып табылады.

 

Қазір жобаларды басқару әдістері  тек дәстүрлі салаларда қолданып қана қоймай, құрылыс, инжиниринг, жобалауға бағытталған өндіріс, жоғары бәсекелестік, жоғары технологиялық салаларында ірі жобалар және де өнеркәсіптің дамуының қызметін басқарудың барлық салаларында, масс-медианың шығармашылық жобаларында, саяси және әлеуметтік бағдарламаларда қолданылады.

 

Кәсіби қызмет нысаны- жобаларды басқару құралдары мен тәсілдерін пайдалану арқылы өндірістік, жобалық, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және басқару қызметі.

 

6М051800-Жобаларды басқару білім беру бағдарламасының мақсаты болып жобаларды басқару саласында әртүрлі жобаларды басқара алатын, мемлекеттік және жеке секторда, әлеуметтік және ғылыми-зерттеу ұйымдарында дағдылар мен қабілеттерін, өзінің кәсіби білімін іске асыра алатын магистрлерді дайындау.

 

6М051800-Жобаларды басқару мамандығының магистратура білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

-ғылым мен педагогикалық қызметтің теоретикалық және практикалық бағытында тереңдете даярлау;

-дербес шығармашылықта жаңа білімді игеру үшін қажеттілі пен дағдыны, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін анықтау;

- кәсіби деңгейі жоғары мәдениетті, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті, азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешіп және тұжырымдайтын, жоғары оқу орнындарында білім беретін, зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау;

- ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қабілетті болу;

-жоғары оқу орнында педагогика мен психология саласында білім, жоғары оқу орнында сабақ беру тәжірибесін алу;

-жобаларды басқаруды оқыту және жобаларды басқару саласында стандарттарды қолдану.

 

6М051800-Жобаларды басқару мамандығы магистрінің негізгі компетенцияларына қойылатын талаптар.

 

Кәсіби міндеттерді шешу үшін:

Түсіне білуі: техника мен технология дамуының қазіргі жағдайы мен тенденцияларын,  ғылыми және педагогикалық қызметтің пәндік және аралас салаларының негізін, жобаларды басқарудың заманауи тәжірибесін.

ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи жетістіктер; пәндік саладағы ғылыми зерттеу методологиясын; жобаларды басқарудың негізгі типтерін және классификациясын; жобаларды, бағдарламаларды, портфельдерді, тәуекелдерді, өзгерістерді, коммуникацияларды  басқару тәсілдері; кәсіби қажетті ақпаратты ұсыну және өңдеу тәсілдері; педагогикалық қызмет формалары мен тәсілдері.

Игеру: инновациялық міндеттерді тұжырымдау және оларды жүзеге асыру үшін жобаларды басқару  құралдары мен тәсілдерін пайдалану; жобаларды басқару жүйесінің сапасын бағалау, бизнес-процесстердің тиімділігін талдау жасау, жобаларды басқару міндеттерін жүзеге асыру үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалану; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибеге жеткізу, педагогикалық жұмыс атқару, корпоративтік жобаларды басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.

Тәжірибе: жобаларды басқару және жоба портфелін құру, бизнес-процессті талдауды тереңдету, ғылыми-педагогикалық қызмет, өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысы, пәндік салада консалтинг және сараптау.

Компетентті: жобаны жоспарлауда және негізгі жобалау кезеңдерінде күрделі кәсіби міндеттерді шешу, жоба бойынша жұмысты, ресурсты, топты, коммуникацияны басқаруды ұйымдастыру, ғылыми және педагогикалық қызмет саласында,  басқа да салаларда инновациялық жобаларды енгізу және құрастыру методологиясы.

Наверх