Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Мамандың шифры:

6М071900

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

850 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com

6М071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының миссиясы – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бойынша зияткер, жоғары білікті, мобильді мамандарды даярлау арқылы университет пен қоғамның дамуына үлес қосу.

 

6М071900- «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының мақсаты білім мен ғылымды, жаңа формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық  кадрларды дайындаудың тиімді жүйесін біріктіру арқылы қоғамды, ғылымды жетілдіру және телекоммуникация, электроника және байланыс жүйелеріндегі жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жоғары білікті магистранттарды даярлау болып табылады.

Оларға жатады:

- жоғары білікті магистранттарды даярлау үшін 6М071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша маман үлгімін әзірлеу.

- 6М071900 мамандығы бойынша оқу жоспарларын дайындау және жаңа формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық  кадрларды дайындаудың жаңа бағдарламаларын ескере отырып, оны жаңғырту.

- білімдердің сапалы көрсеткіштерін арттыру үшін және 6М071900 магистранттардың, ПОҚ, жұмыс берушілердің пікірлерін ескере отырып және 6М071900 білім беру бағдарламасының Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар дамуының қазіргі заманғы тенденцияларына сәйкестендіріп оқу жоспарларын дайындау. 

- 6М071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдараламасын жоғары білікті инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базаны күшейту. Өндіріс өкілдерінің біржолғы дәрістерін ұйымдастыру және әлемдік деңгейдегі ғалымдарды жұмылдыру.

- радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес 6М071900 білім беру бағдарламасының ғылыми-зерттеу жұмысын күшейту. Магистранттардың ғылыми бағыттар бойынша практикаларын ұйымдастыру.

- радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласындағы терең білімдер, сала бойынша және өз еліміздің әлемдік экономикадағы саясаты бойынша соңғы әлемдік жетістіктер туралы білім; саланың даму перспективалары, радиотехника, электроника және телекоммуникациялардағы қазіргі заманғы құралдары, инженерлік есептеулер туралы білім; ғылыми зерттеулерді, жобалық және экспериментальдық жұмыстарды жүргізу әдістері; стандарттар және техникалық шарттар туралы білімдер.

- негізгі және қосалқы жабдықтарды тиімді пайдалану дағдысы, жедел технологиялық шешімдерді қабылдау; пайда болған өзгерістерге жедел жауап қайтару; технологиялық шешімдерді модельдеу және оңтайландыру дағдысы; ғылыми-техникалық әдебиетті және патенттік зерттеулерді талдау; радиоэлектроника және телекоммуникациялар бойынша оперативті және перспективалық талаптарға сәйкес келетін технологиялық жабдықты таңдай білу;

- басқару шешімдерін таңдау және қабылдауға ғылыми тәсілді енгізу, жұмыстарды орындау ретін анықтау, радиоэлектрондық және телекоммуникациялық кәсіпорындардың технологияларын және жабдықтарын жасау кезінде ұтымды шешімдерді іздеуді жүзеге асыру;

- еңбек нарығы үшін байланыс саласында жаңа бәсекеге қабілетті ұрпақты даярлау;

- үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсыну арқылы радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білімдеріне негізделген қоғамды дамытуға үлес қосуды іске асыру бойынша өз әрекетінің бағыты;

- білім беру сапасын жақсарту, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бойынша техникалық және мәдени байланыстарды қолдау мақсатында басқа да ғылыми университеттермен, ұйымдармен серіктестікті орнату.

Наверх