Қалай түсу керек

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың PhD докторантурасына түсу үшін қажет:

 

I. Қажетті құжаттар тізімін жинау:

  1. Ректордың атына өтініш
  2. Үміткер сауалнамасы
  3. Жеке куәліктің көшірмесі
  4. Уәждемелік (мотивациялық) хат
  5. Жұмыс орнынан мөрмен расталып берілген ғылыми жетекшінің келісімі
  6. Нотариалды түрде расталған білімі жөніндегі дипломның қосымшасымен бірге және/немесе ғылым кандидаты дипломының көшірмесі
  7. Басқа оқу орындарында, курстарда, аспирантурада т.б. оқығандарын куәландыратын құжаттар көшірмесі
  8. Ғылыми жарияланымдар тізімі; егер бар болса авторлық куәліктердің, грамоталардың, дипломдардың т.б. көшірмелері (жұмыстың өзі қоса тігілмейді)
  9. Программалар бойынша тест тапсырғаны жөніндегі сертификат көшірмесі (болған жағдайда)
  10. Автореферат
  11. №086-У  үлгісіндегі Медициналық анықтама. Мүгедектігі болған жағдайда орнықтырылған үлгіде анықтаманы қоса беру
  12. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (жұмыс істейтін тұлғалар үшін). Сонымен бірге бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан міндетті зейнетақылық жарналардың аударылғаны жөнінде қосымша көшірме.
  13. 3x4 өлшемдегі алты фото сурет.
  14. Құжаттар тізімдемесі.

 

Барлық құжаттар бумаға (скоросшиватель) тігіледі, парақтар нөмірленеді және құжаттар тізімдемесіне кіргізіледі. Негізгі бет мыналардан тұрады:

1. Үміткердің аты-жөні (толық)

2. Институт, кафедра

3. Білім беру бағдарламасының шифры және аталымы

4. Мекенжайы, қала коды, телефоны, ұялы телефоны, электронды мекенжайы

5. Оқуға түскен жылы

 

Құжаттарды тапсыру кезінде шет тілі бойынша тестілеу үшін төлемақы жасалғандығы жөнінде түбіртекті ұсыну. Төлем Халық банкі немесе Қазпоштаның кез келген бөлімшелерінде жасалады.

 

Реквизиттер (БТМСҰО):

010011, Астана қ., Победа даңғ., 60,  СТН 600300086081, ЖИК 100609245, БИК 195301603, КБе 16, Астана аймақтық бөлімшесі  № 119900  ҚР Халық жинақтау банкі.
 

 

II. Қабылдау етихандарын өту:

  • Арнайы пән бойынша.
  • Шет тілі бойынша.

Оқуға түсу үшін құжаттар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың (институт дирекциясы) Қабылдау комиссиясында мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Сәтбаев к., 22, 01 шілдеден 30 шілдеге дейін.

 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

 

Докторантураға қабылдау емтихан нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.

Шет тілі бойынша емтихан (ағылшын) тестілеу түрінде тапсырылады. Емтиханды білім берудің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық Орталығы мен ҚР БҒМ жүргізеді. Шет тілі бойынша емтиханға жіберу үшін Қабылдау комиссиясынан Рұқсатнама алуы тиіс. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.

Арнайы пән бойынша емтихан қазақ/орыс тілдерінде ауызша/жазбаша түрде тапсырылады.

Докторантураға түсетін шетелдік азаматтар оқуға түсу емтихандарын мына пәндер бойынша тапсырады:

- қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқу тілі)

- мамандық бойынша.

Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды түрде расталуы тиіс. Шетелдік азаматтардың тапсыратын құжаттары  ҚР БҒМ жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру Департаментінде бекітілген тәртіпте нострификациялануы қажет.

Наверх