Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мамандың шифры:

6D070400

 6D070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының мақсаты:

– IT-технологиялар аймағындағы қазіргі заманауи жетістіктерін қолданып, керекті ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметтегі фундаментальді білімдерін, іскерліктерін және тәжірибелік біліктіліктерін тереңдету және кеңейту;

– PhD-докторанттардың ғылыми мәселелерді өзбеттерінше қоя білулері және шеше білулері;

– PhD-докторанттарды ІТ-технология аймағындағы өнертапқыштыққа жұмылдыра білу;

– ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу;

– жақын және алыс шетелдің ғылыми-зерттеу өңдеулеріне және кәсіби конкурстарына PhD-докторанттарды жүйелі қатыстыру;

– мобильді және мультимедиялық технологияларды, нано – және  космостық технологияларды, робототехниканы әзірлеу және ғылыми зерттеулерді дамыту.

 

 6D070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының тапсырмасы:

– докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметтері арқылы, критикалық ойлау, кәсіби-бағытталған біліктіліктері мен іскерліктерін дамыту;

– ғылыми әзірлемелерге қатысу үшін, стратегиялық және ақпараттық технологиялар саласындағы басым бағыттарды қадағалау;

– еңбек және ғылым нарығы үшін жаңа бәсекеге қабілетті IT- мамандар ұрпағын дайындау;

– әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибелерге негізделген білім беру қызметін енгізу;

– патриоттық, интернационалдық, жалпы саяси, құқықтық, эстетикалық тәрбие беру сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жүргізу негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру;

– ғылыми мәселелерді шешуде  инновациялық тәсілді дамытуға бағытталған білім беру қызметтерін сапасын арттыру.

 

6D070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру мамандығының түлектерінің кілттік құзыреттіліктері мынадай мүмкіндіктермен қорытындыланады:

– саланың ғылыми мәселелерін өз бетінше идентификациялау және шешу;

– ПҚ саласында білімі мен біліктіліктерін көрсете білу, сол сияқты  IT-технология саласында жұмыс жасау үшін кәсіби сапасы болу керек;

– есептеу техникасы мен телекоммуникация құралдарының жетістіктер саласында жеке өзгерістерге бейімделе білу керек;

– IT-компанияның талаптарына жауап беретін, заманауи теориялар, модельдер, әдістер мен құралдарды, программалық пакеттерді қолданып мен түсінгенді жеткізе білу керек;

– заманауи модельдерді, әдістерді және технологияларды пайда болуларына қарай оқып және ендіре білу керек, сонымен қатар қажеттілігіне қарай кәсіби өсу.  

Наверх