Машинажасау

Мамандың шифры:

6D071200

Машина жасау деген, ол   жаңа машиналар, механизмдер, станоктар, көлік құралдары және т. б. жасайтын өнеркәсіп саласы. Ол үлкен көлемде ресурстарды талап етеді – бұл қаржы, материалдық қамтамасыз ету, уақыт және кәсіби қызметкерлер. Машина жасау саласы елдің даму деңгейінің индикаторы болып табылады, зияткерліктің даму деңгейі, олардың білімділік және т. б. көрсеткіштер арқылы.

 

Кәсіби қызмет объектілері:
-    Мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, индустрия, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндірістік және тұтыну салалары

 

6D071200 – «Машина жасау» оқу бағдарламасы машина жасау саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды, әдістемелік және тәжірибелік сипатқа ие, машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісінің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету әдістерін және оны тиімді жобалау, машинажасау саласын  жетілдіру сияқты сұрақтармен үйлестірілген.
6D071200 – «Машина жасау» ОБ даму жоспары мен мақсаты “Қазақстан – 2050” стратегиясында анықталған дамудың ұлттық басымдылықтарына сәйкес жобаланған: мамандарда ұлттық экономиканың ағымдық және келешектегі қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру. ОБ  даму жоспары мен мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру саясатымен сәйкес жобаланған. ОБ мақсаты мемлекеттің, мүдделі тұлғалардың және сапалы білім беру қызметтерінде білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мүдделі тұлғалардың қатарына ОБ жүзеге асырушы мүшелердің барлығы, сонымен қатар бағдарлары дайындық бағытымен сәкес келетін жұмыс берушілер – ірі компаниялар мен кәсіпорындар кіреді.

 

6D071200 – «Машина жасау» ОБ  мақсаты келесіде:
-     Машинажасау саласының инновациялық шешімдерін табатын ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру,қоғамның және экономика дамуына үлес қосатын мамандарды дайындау

 

6D071200 – «Машина жасау» ОБ  негізгі мәселесі:
 Халықаралық  және республикалық еңбек нарығында бәсекеге сай  отандық докторарларды даярлау, ұлттық оқұ бағдарламасын әлемдік оқұ бағдарламаларына интеграциялау
-    Мамандарды кәсіби мәдениеттің жоғарғы деңгейімен дайындау, соның ішінде: азаматтық көзғарасы бар, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және нақты шеше алатын, жоғары оқу орындарында сабақ бере алатын, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметтерді жүзеге асыра алатын .

 

Докторанттың компетенциялық талаптар реті:
-    Ғылым және техниканың дамуына қатысты мәселелерді, машина жасау саласында эксперттік бағалауды өткізу әдістері
-    Инновациялық технологияларды табу және қолдану  әдістерін
-    Ғылым және техника жетістіктерін, машина жасау кешені саласындағы отандық озық және шетелдік тәжирибені

 

Докторант білуі керек:
-    Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалануды
-    Бұйымдарға, өнімдерге, техникалық құжаттарға ұсынылатын негізгі талаптарды
-    Кәсіби қызмет барысында туындайтын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін міндеттерді тұжырымдау және шешуді;

 

Докторант  істей  білуі  керек:
-    Халық аралық және отандық стандарттар, қаулылар, өкімдер, жоғарғы және басқа отандық ұйымдардың бұйрықтарын, атқарылатын жұмысқа қатысты әдістемелік, нормативтік, басқару материалдарын, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері мен техникалық даму перспективаларын, заңнамалардың негізгі ережелері мен нормативтік талаптарын
-    Машина жасау саласын дамытуға қатысты мәселелерді, эксперттік бағалау әдістері
-    Жалпы ғылыми әдіснаманы пайдалану, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен технологиясын пайдалану, кәсіби қызметті іске асыру үшін қажетті көлемде шет тілдерін пайдалану

 

 

Наверх