Металлургия

Мамандың шифры:

6D070900

Металлургия – бұл кен орындарынан немесе басқа да материаллдардан металдарды алуға, сонымен қатар металдық қорытпалардың химиялық құрамы, құрлымы және қасиеттерінің өзгерісімен байланысты үрдістерді қамтитын ғылым мен техниканың саласы.

Металлургияға кіретіндер:

Табиғи шикізаттан және басқа металл құрамдас өнімдерден металдарды өндіру;

қорытпаларды алу;

металдарды ыстық және суық күйінде өндеу;

пісіру;

металдан қаптама жалату;

металдардың, интерметаллидтердің және қорытпалардың физикалық және химиялық өзгерістерін зерттейтін материалтанусаласы.

Профессионалды қызмет нысандары – металлургиялық кәсіпорындар, зауыттар, тау-кен металлургиялық кешендер, жобалық ұйымдар, металлургиялық зерттеу орталықтары, химия өнеркәсіптері, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО-ы, МОО-ы. Минералды және техногенді шикізатты өндеу үшін технологиялық үрдістер және құрылғылар, қара және түсті металдарды және олардан бұйымдар өндеу және өндіру; технологиялық операцияларды іске асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау үшін және энергия мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін құрылғылар мен үрдістер; қондырғыларды, өнімдерді, материалдарды және үрдістерді зерттеу; жобалар, материалдар, әдістер, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджмент жүйесі, математикалық модельдер, өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімдер.

Білім беру бағдарламасының мақсаты болып:

– металлургия бойынша заманауи энергия үнемдеуші технологияларды қамтитын, жобалау ісі, инновациялық шешімдер, жоғарғы технологиялық саладағы кәсіпкершілікті қамтитын инновациялы экономикаға мамандарды қалыптастыру.

– мемлекеттік стандартқа сәйкес түлектің өзі таңдаған мамандығы бойынша, жемісті еңбек етіп, әлеуметтік мобилділігін арттырып, еңбек нарығында тұрақтануға ықпал етіп, оның біріңғай мәдени, әмбебап, кәсіби құзырын қалыптастыру.

– профессионалдық жұмыстың келесідей түрлері бойынша біліммен қамтамасыз ету: өндіріс-технологиялық; ұйымдастыру-басқару; ғылыми-зерттеу; мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жобалық.

– инженерлік тұрғыда жұмыс істеу үшін металлургиялық кәсіпорындарда мастер қызметінде немесе сол қызметте басқада ғылыми зерттеу мекемелерінде немесе коммерциялық құрылымдарда, профессионалды тұрғыда өсуге болашағы бар мамандарды дайындау.

– студенттердің жеке ғылыми-метрикалық көрсеткіштерін жолға қою.

Докторантура білім беру бағдарламасының мақсаттары:

 – ғылыми-зерттеу саласының және кеңес берушілік, аналитикалық профессионалдарды дайындау;

– өздігінен ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жүргізу, металлургия саласында кез-келген жобалық жұмыстарды; халықаралық инженерлік санатқа сәйкестігі;

– металлургиялық бағыт бойынша ЖОО ұстаздық саланы іске асыратын  мамандарды дайындау;

– түсті металлургиядағы басқарушы жұмысшыларды және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

– нанотехнология, технологиялар, фикика химиялық анализдің алғы қатарлы әдістерін, металлургиялық, термодинамикалық, кинематикалық жүйелердің есептеу жүргізу кезінде программамен қамтамасыз етуді қанау, арнайы тағайындалған өнімді алу, конструкторлық шешімдерді өндеу білімін арттыру;

– студенттердің жеке ғылыми-метрикалық көрсеткіштерін атқарым;

– Шетелдік тағыламдамадан өту болып табылады.

Біздің түлектер білетін болады:

мамандықтың фундаменталды негіздерін, қолданыстағы металлургия қажеттіліктерін, өндірісті дамыған елдердің алғы тәжірибелерін және қазіргі заманғы металлургияның фундаменталды мәселелерін шешуге ақпараттық технологияларды пайдалануды;

металдарды алу технологиясы, металлургия саласындағы негізгі және қолданбалы мәселелер туралы;

металлургия саласына қатысы бар мекемелердін заңнама және басқа нормативтік материалдары;

металлургия саласында жобалаудын негізгі экономикалық және мекемелік қағидалары.

Біздің түлектер келесідей қызметтерді орындай алатын болады:

Ғылыми –зерттеу қызметін.

Тау-кен металлургия секторында өндірістік-технологиягиялық қызметін.

Тау - кен металлургия секторында ұйымдастыру -басқару қызметін.

Тау - кен металлургия секторында есептеу-жобалық қызметін.

Тау - кен металлургия секторында қызмет көрсету-пайдалану қызметін.

Тау - кен металлургия секторында монтождау-реттеу қызметін.

Деңгейлі ғылыми жұмыстарды ойдан ҒЗТКЖ -ға дейін және жобаны коммерциализацлауға.

Минералды және техногенді шикізатты өңдеу бойынша энергосиымды технологиялық схемаларды жобалау, энергияны және қорды үнемдеуді қамтамасыз ететін, технологиялық процесстерді іске асыруға қажетті процесстер және құрылғыларды жасау.

Салалық, салааралық және шетелдік тәжірибені алдынғы қатарлы қолдану.

Металлургия саласында инновациялық қызметін.

Интеллектуалдық меншікті қорғау саласыда  біліктілік.

Наверх