Мұнай-газ ісі

Мамандың шифры:

6D070800

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жүзеге асады.  Магистратураның оқу бағдарламасы мұнай-газ саласындағы мамандандырылған пәндерді оқуға практикалық бағыт беретін болса, докторантура бағдарламасы бұл саладағы маңызды мәселелер шешімін іздестірудің ғылыми-зерттеу бағытын қамтиды.

 

«Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасының  оқытушылар құрамы мен докторанттар мұнай мен газды тиімді өндірудің техникалық және экономикалық шешімдерін әзірлеу үшін жұмыс істеуде. Ұңғы түп аймағын өңдеу технологиясын әзірлеу, қабат қысымын ұстап тұру мақсатында су айдау технологиясын жетілдіру, Қазақстан кен орындары үшін мұнай бергіштікті арттыру әдістерін дайындау, ұңғы өнімін дайындау технологиясын жетілдіру - докторантура бағдарламасының негізгі ғылыми-зерттеу салалары болып табылады.

 

Мұнай-газ ісі бойынша философия докторы бағдарламасы бакалавр және магистратура бағдарламаларынан бөлек 75 негізгі кредитті өтуді талап етеді. Оның 15 кредиті мұнай-газ саласындағы негізгі пәндерді өтуге, 55 кредиті педагогикалық практиканы қоса алғанда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады. Қалған 5 кредит мамандық бойынша кешенді емтиханда тапсыруды және докторлық диссертацияны қорғауды қамтиды. Барлық оқытылатын пәндер ғылыми жетекшімен және жоғарғы оқу орынан кейінгі білім департаментімен мақұлдануы керек.

 

Докторанттар оқудың бірінші айында ғылыми жетекшіге таңдау жасау керек. Таңдалып алынған жоба бойынша докторант ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайды және ары қарай мансап жолында соған байланысты болады. Сондықтан жетекші мен жобаны таңдау үшін белгілі бір уақыт беріледі және докторант бұл таңдауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.  Зерттеу жобасын таңдау сіздің ғылыми қызығушылығыңыз ескере отырып ғылыми жетекшіңізбен талқылау арқылы жүзеге асады. Докторантура және осы жоғарғы академиялық бағдарламада оқу салмақты жетістік болып табылады, сондықтан түсуге шешім қабылдау барысында студенттерден дұрыс көзқарас және ақылмен саралау талап етіледі.

 

Біздің мақсатымызға сүйене отырып, МГКИП кафедрасы- студенттер мен зерттеушілерге жақсы жағдай жасау үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға, мұнай-газ саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін әртүрлі пәндер аясында ғылыми-зерттеу орталықтарын құру және дамытуға, салалық және басқа да ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестік қатынастарды дамытуға ұмтылатын болады.  Біздің түлектер мұнай-газ өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті зерттеушілер мен инженерлер болатынына берік сенімдеміз.

Наверх