Мұнай химиясы

Мамандың шифры:

6D073900

«6D073900–Мұнай химиясы» білім беру бағдарламасы  білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз қазақстандық агенттігiмен  (БСҚА -IQAA) 5 жылға, яғни 19.06.2021 жылға дейін аккредиттелген, сертификат № АВ0939  20.06.2016 ж.

Бағдарлама мақсаты: мұнай химиясы және мұнай, газ өңдеу саласында білімі мол, әдістемелік және зерттеу дайындығы  терең, өз елімізде және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маман дайындау.

Бағдарламаның міндеті: жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау технологиясын әлемдік стандартпен үйлестіру, сонымен қатар, ғылыми, әдістемелік, құқықтық, қаржылы-экономикалық, кадрлық және материалды-техникалық мәселелерді озық шешімдерімен қамтамасыз ету; бірқатар өзекті және  тәжірибелік маңызы бар  дербес ғылыми зерттеулердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін жоғары білікті ғылыми- педагогикалық мамандар дайындауда халықаралық тәжірибенің принциптеріне сәйкес білім беру үдерісін орындау.

Білім беру бағдарламасының мазмұны: Докторантура білім беру бағдарламасы мамандардың кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ағылшын тілін,  мамандандырылған пәндерді терең меңгеруді,  диссертациялық зерттеу тақырыптарына тереңірек дайындалуды, пәнаралық дайындықты, жоғары мектептерде сабақ беру дағдыларын қалыптастыруды міндеттейді. Сонымен қатар, бағдарламаға міндетті түрде педагогикалық практика және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы кіреді. Докторантура білім беру бағдарламасының оқу компоненттерін меңгеру үшін және/немесе зерттеулер жүргізу үшін докторанттар кем денегде 6 ай мерзімге шетелдік білім беру және ғылыми мекемелерге дайындықтарға барады.

 Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі ретінде докторанттың теориялық білім алу курсының көлемін игеруі, жұмыс және өзіндік оқу жоспарын ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес орындауы; 75 кредиттен кем емес, соның ішіндегі 15 кредиті теориялық білім алу курсын меңгеруі; педагогикалық тәжірибеден өтуі, ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауы, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруы саналады. Дайындық мемлекеттік грантпен және кредиттік технология бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша 3 жыл мерзімде  жүргізіледі.

Докторантура білім беру бағдарламасын меңгерген және диссертацияны сәтті қорғаған ізденушіге оқу мерзіміне тәуелсіз ретте «6D073900 - Мұнай химиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD)» академиялық дәрежесі беріледі.

Мансаптық келешегі:

«6D073900 - Мұнай химиясы» мамандығы бойынша PhD доктор мұнай және газ өңдеу салаларының алдыңғы қатарлы әдістерін, көмірсутегі шикізатының бағалануына байланысты өнім өндірісін, ғылыми ақпаратты өңдеу және сақтауды, ғылыми және тәжірибелік қиын мәселелерді шешуге және тұжырымдауға қабілетті, мұнай химиясы және мұнай- газ өңдеу саласында ғылыми - зерттеу, эксперименттік - зерттеу және басқарушылық қызметті жүргізу мен ұйымдастырудың негізгі құзыреттерін білетін маман. Докторантура түлектерінің кәсіби қызметінің объектісі  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жоғары және арнайы білім беру орындарының алдыңғы қатары, ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми - өндірістік орталықтары, отандық және шетелдік химиял, мұнай химия, газд және көмір өндіру кәсіпорындары болып табылады.

 

Наверх