Техникалық физика

Мамандың шифры:

6D072300

Бейіндік пән –Физика

 

Кәсіби қызмет объектілері –
физикалық процестер және құбылыстар, физикалық және физика–технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау–конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты:
- инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өз бетінше орындауға қабілеті бар жоғары білікті физик дайындау;
- техникалық физиканың таңдаулы саласында еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тиісті кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бар қабілетті және теориялық пен эксперименттік зерттеулерге дайын мамандар даярлау.

 

Докторантураның білім беру бағдарламасының міндеті ‒ ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау болып табылады, техникалық физиканың арнайы салаларындағы талдау, болжау, сыни тұрғыдан бағалау және ғылыми, өндірістік және технологиялық міндеттерді шешуде құзыретті және әлеуметтік-бағдарланған қабілетті маманды қалыптастыру.
Докторанттың білім беру бағдарламасының түйінді құзіреттілігіне қойылатын талаптар. Кәсіби міндеттерді шешу үшін мынадай ғылыми-әдіснамалық дағдылар мен біліктіліктерді меңгеруі тиіс:
- біліміңді тәжірибеде қолдана білуді көрсете алу және техникалық физикамен байланысты негізгі концепцияларды, принциптерді, теориялар мен фактілерді түсіну;
-арнайы әдебиетпен және басқа ғылыми-техникалық ақпараттармен жұмыс істеу;
- техникалық физика бойынша әр түрлі мамандықтардың негізінде жатқан ғылыми және математикалық принциптерді білу және түсіну;
- алған білімін нақтылау үшін қабілетін көрсете қолдана білу, техникалық физика бойынша қолданбалы ғылыми міндеттерді, танылған әдістерді қолдана отырып тұжырымдау және шешу;
- жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу.

 

Біздің түлектердің алдағы білетіндері -
- техникалық физика бойынша әр түрлі мамандықтардың негізінде жататын ғылыми және математикалық принциптер;
- іргелі физикалық тұжырымдамалар, принциптер және заңдар;
- физикалық процестерді математикалық модельдеу әдістері;
- қажетті заттай немесе есептеуіш эксперименттерді жүзеге асыру, талдау және қажетті түрде алынған нәтижелерді ұсыну және қорытынды жасау.

 

Біздің түлектердің біліп шығатындары -
-біліміңді тәжірибеде қолдана білу және негізгі концепцияларды түсіну;
- стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу;
- қажетті эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, алынған деректерді (мәліметтерді) интерпретациялау және жалпылау;
- арнайы әдебиеттерді жинақтау, өңдеу, талдау және жүйелеуді және де басқа ғылыми-техникалық ақпараттарды, отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерін техникалық физика саласында жүзеге асыру;
- шешілмеген мәселелерге әдеби шолу жасау, техникалық немесе қолданбалы сипаттағы ғылыми мәселелерді өз бетінше тұжырымдау, қойылған мәселелердің (міндеттердің) шешімін табу әдістері;
- магистрлік диссертация, мақалалар және есеп беру түріндегі эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылау.

Наверх