Сәулет

Мамандың шифры:

5В042000

Профильді пән:

Шығ. емт.

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

510 000 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

«Сәулет» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау «Сәулет» кафедрасында жүргізіледі (ИМС, 409).

«Сәулет» мамандығы бойынша жоғары кәсіби-білім алған мамандар жобалық шешімдерді моделдеу үшін дайындалады, өзінің кәсіби саласыныңпроблемалары мен даму үрдістерін бағалау,өнеркәсіп және азаматтық құрылыста өндірістік-техникалық шешімдердіқабылдау, тарихи ғимараттардың қала құрылысы және ландшафтық сәулетті қалпына келтіру және қайта жаңарту, интерьер сәулеті және де ұжымда жобалық жұмысты ұйымдастыру.

Оқуға түсер алдында абитуриент екі шығармашылық емтихан тапсырады: сурет және сызу.Жеделдетілген мерзімде қысқартылған бағдарлама бойынша  орта буын мамандары оқуға  түсуі мүмкін,  бейінді орта арнаулы колледж түлектері."Сәулет" кафедрасында сәулет ғылымының докторлары мен кандидаттар, профессорлар, доценттер мен көпжылдық тәжірибесі бар оқытушылар оқыту жүргізеді.

Университетте студенттерді сәулеттік грфикаға, академиялық суретке, макеттік кескіндеме, үшөлшемді компьютерлік моделдеуге, сәулеттік және ландшафтық жобалауға, қалақұрылысқа үйретеді.

Сәулеттік жобалау аясында кәсіби білім алған мамандар біз қоршаған ортаға батыл түрлендіру енгізе алады, жеке ғимараттарды және ірі кешендер мен қалаларды жобалай алады.

Олар жоғары төлемді сәулетші, қалақұрылысшы бола алады және жеке сәулеттік бюроларда, элиталық құрылыс компанияларындажұмыс жасай алады немесе жеке сәулет фирмасын аша алады. Тілек білдірушілер білімін магистратурада және докторантурадажалғастыра алады.

 

 

"Сәулет" білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері

 

Кәсіби қызметтің мақсаты –адамның өмір сүру ортасы қалыптастыру, оның кәсіби қызмет үшін функционалдық құрылымынжобалау-сметалық құжаттама әзірлеу,адамның өмір сүру ортасы қалыптастыру, оның кәсіби қызметүшін функционалдық құрылымына- жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, ғимараттардың, құрылыстардың және олардың кешендерінің, ландшафтық және қала құрылысы нысандарының, сәулет ескерткіштерінің жетістіктерін насихаттау.

Кәсіби қызметтің міндеттері - тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, олардың кешендерініңсәулеттік-құрылысын жобалау, функционалдық ұйымдастыруды, сындарлы шешімдер, эстетика және үйлесімділік жобаланатын объектілердің мәселелерін шешу. Кәсіби қызметтің бағыты – сәулеттік-құрылысты жобалау,   тұрғылықты жерлерді жобалау тәжірибесін оқу, сәулет аясында жетістіктерді насихаттау.Кәсіби қызметтің мазмұны - жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу,өндірістік-технологиялық қызмет жүзеге асыру, тарихи-теориялық орындалған жұмыстарды талдау, оларды жалпылау және насихаттау.

 

Осы мамандықтың маманына қойылатын талаптары

 

Жалпы білімділіктің құзыреттері:

- ғылыми-жаратылыстану саласында (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері базалық білімінің болуы ой-өрісі кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуынаықпал ететін;

- дизайнерлік жобалаусаласындағыақпараттық технологияларды пайдаланудағдысы болуы тиіс;

- кәсіби қызмет және магистратурада білім алуды жалғастыру үшінжаңа білімді меңгеру дағдысының болуы қажет.

 

Әлеуметтік-этикалыққұзыреттер:

- әлеуметтік-этикалық құндылықтарға негізделген, қоғамдық пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға және оларға сүйену, өзінің кәсіби қызметіндебілу;

- іскерлік этика нормаларын сақтауға, этикалық және құқықтық нормаларды білу;

- Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;

- дәстүрге төзімді болу, басқа да әлем халықтарының мәдениетін білу; Қазақстанның құқықтық жүйе және заңнамасының негіздерін білу; әлеуметтік дамуүрдістерін білу;

 

- әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бейімделуді білу;

- командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсыну;

- мәмілеге келу, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіру;

- кәсіби және тұлғалық өсуіне ұмтылу.

 

Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттіліктер:

- экономикалық білім негіздерін меңгеру, дизайнерлік жобалауда менеджмент пен маркетингғылыми көзқарас жайлы;

 

Арнайықұзыреті:

5В042000 - «Сәулет»  мамандығының түлегі білуі тиіс:

- қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдыбілуі тиіс;

- құрылыс мәдениетінің даму перспективаларын бағдарлай білу;

- кәсіби сәулет қызметінде құзыретті шешімді өз бетінше қабылдай білу;

- сәулеттік жобалауқазіргі заманғы құралдарымен, әдістерімен және формаларымен меңгеру (оның ішінде, инновациялық (тұжырымдамалық) және мамандандырылған сипаттағы).

 

 

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх