Биотехнология

Мамандың шифры:

5В070100

Профильді пән:

Биология - Химия

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Биотехнология – биологиялық және инженерлік әдіс – тәсілдердің, биоконструкторлық, биоөнімділік, биоэнергетикалық, биореконструкторлық технологиялардың іске асырылуын энергетика, тау – кен ісі, мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тау – кен – металлургиялық, химиялық, мұнай - химиялық, машина жасау және тағы басқа өнеркәсіп салаларында қамтамасыз ететін биологиялық жолдардың жиынтығынан тұратын биотехникалық ғылым саласы болып табылады.

Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіби қызмет объектілеріне биотехнологиялық, биологиялық және инженерлік профильді ғылыми – техникалық институттар мен ЖОО – ы, өндіріс орындары мен әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өндіруші және қайта өңдеуші лабораториялар жатады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – инженерлік биотехнология бағыты бойынша бәсекеге қабілетті, жоғарыбілікті кадрларды дайындау және бағдарлама барысында алған білімдерін түрлі өнеркәсіп салаларында және қоршаған ортаны қорғау саласында:

- биотехнология саласындағы негізгі және қолданбалы білімді;

- еңбек нарығындағы түлектердің тұлғалық қасиеттері, жалпы мәдениетті, кәсіби біліктіліктерін академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуде пайдалануды;

- жалпы мәдениетті, әмбебап (жалпы ғылыми, тұлғалық, жабдықтық) және кәсіби білімдерін уақыт еншісіне сәйкес ұтымды пайдалану болып табылады.

Білім беру бағдарламасының міндеті – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әрдайым өзін – өзі оқытуға, үздіксіз өзін – өзі кәсіби жетілдіруге бағытталатын бакалавр – биотехнологтарды дайындау.

Бакалаврлық білім беру бағдарламасының құзіреттілігіне қойылатын талаптар.

Кәсіби міндеттерді шешу барысында түлектің төмендегідей талаптардан хабары болуы шарт:

- өнеркәсіптік және инженерлік биотехнологиядағы қолданысқа ие, өндірістің негізгі нысаны, әдісі мен тәсілі;

- биотехнологияның заманауи жағдайы, негізгі мәселелері мен даму жолдары;

- биотехнологияға және биотехнологиялық өнімге қойылатын талаптар.

Түлектерге білу қажет:

- өнеркәсіптік және инженерлік биотехнология, микро – және макроорганизмдер биотехнологиясы, молекулалық – клеткалық биотехнологияның әдістері;

- биотехникалық ғылым және биотехникалық өндіріске қатысты заңды және басқа да нормативтік материалдар;

- өнеркәсіптік биотехнология саласындағы қойылған мақсаттың негізгі ұйымдастырушылық - басқарушылық және экономикалық принциптері.

Түлектер дағдылы болуы қажет:

- биотехнологиялық нысандарды зерттеудің әдіс – тәсілдері, биотехнологияға қатысты әртүрлі өнекәсіп салаларының қолданбалы міндеттерін шешуде арнайы пәндер кешенін пайдалану, іздеу, жинау, сақтаудың компьютерлік әдістерін және биотехникалық ақпараттарды өңдеу;

- өндірістік құрылғыларды, цехтерді,үдерістер мен технологияларды жобалау және эксплуатациялау;

- қоғамдық қажеттілікке айналған биотехнологиялық өнімге қойылатын талаптар мен ұсыныстарды қадағалау және жоспарлау;

- еңбек қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастырып, кәсіби потенциалды арттыру;

- техника және технология, өндіріс ұйымдарының даму тенденциялары мен заңдылықтарын ескере отырып, мейлінше тиімді, ұтымды өмірлік мәселелерді шешу.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх