Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мамандың шифры:

5В070400

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының мақсаты:

– кәсіби қызметтерінде керекті фундаментальды білімдерін, іскерліктерін және біліктіліктерін тереңдетіп оқыту;

– ғылыми-зерттеу қызметіне дайындауға керекті ІТ-технологиялар аймағында қазіргі заманауи жетістіктерді қолдану;

– қазіргі заманауи программалық өнімдерді әзірлеукәсіби қызметке дайындау;

– магистранттармен алмасу, магистранттардың акдемиялық ұтқырлығын кеңейту және дамыту;

– шетел ғалымдарын және өндіріс өкілдерін тарту арқылы «қонақ дәрістерін» дамыту және жетілдіру;

– ІТ-технологиялар бойынша мамандарды дайындау сапасын арттыруға бағытталған, бірігіп қызмет ету мақсатында алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер және әлемдік вендорлармен өзара тиімділік орнату жолымен әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану.

 

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының тапсырмасы:

– білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметтері арқылы, критикалық ойлау, кәсіби-бағытталған біліктіліктері мен іскерліктерін дамыту;

– әлемдік алдыңғы қатарлы ғылыми тәжірибелерге негізделген білім беру қызметін енгізу және жеке маман дайындаудағы брэнд құру;

– қазіргі заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде білім беру қызметтерінің сапа деңгейлерін арттыру;

– шағын технологиялық бизнес, перспективалық стартаптар және шағын инновациялық кәсіпкерлікке ықпал ететін, коммерцияландыру және тиімді қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелерді дамытуға жәрдемдесетін қолжетімді IT-инфрақұрылымды құру жұмыстарын жандандыру  және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

– білім беру сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, кәсіпорындармен серіктестік орнату, техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін халықаралық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялану және  технологияларды енгізу.

 

"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру мамандығының түлектерінің кәсіби құзыреттіліктері:

– есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мен сабақтас салалар аумағында заманауи технологияларды білу керек;

– есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында заманауи технологияларды құру және қолдана білу, сабақ өткізу әдістемесін және   программалық-педагогикалық құралдарды қолдану әдістемесін қолдана білу керек;

– ғылыми зерттеу программасын құра білу керек;

– перспективті бағыттарды анықтап, отандық және шетелдік зерттеушілерден алынған нәтижелерді бағалап және жалпылай білу керек;

– зерттелетін мәселе шешімі үшін алгоритм тұрғыза және шешімнің программалық-аппаратты таратылуын білу керек;

–IT-технологияны қолданып, пәндік саланы зерттеуде ұйымдастыру және жүргізу біліктілігіне ие болуы керек.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх