Құрылыс

Мамандың шифры:

5B072900

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Қ.И. Сәтбаев атындағы «Сәулет және құрылыс» институтының  «Құрылыс» мамандығына 2004 жылдан бастап қабылданады.

5В072900 «Құрылыс» мамандықтың мақсаты – кернеу жағдайдың әр түрлі кездегі  темірбетон, метал, тас, ағаш, пластмассадан жасалған құрылыс конструкциялардың жұмыстары туралы, бір және көп қабатты өндірістік пен азаматтық ғимараттарды есептеу және құрастыру тәсілдері туралы, құрамалы және құймалы ғимараттарды тұрғызу технологиясы туралы, метал  конструкцияларын жасау және монтаждау туралы, биік ғимараттарды тұрғызу және инженерлік жүйелерді орнату технологиясы туралы, қайта құру барысында құрылыс-монтаждық өндіріс туралы білімге ие болу бакалаврлар мен магистрлерді дайындау.

Мамандықтың міндеті– бакалавр-құрылысшыларды ғимараттардың әртүрлі конструктивтік жүйелердің тік және көлденен жүктемелердің әсерлерінен қандай өзгерістер пайда болатын білімдік жүйесімен қамтамасыз ету, негізгі конструкциялардың көтергіш қабілетінің сапалық және  сандық  түрде бағалауды машықтану, ғимараттармен олардың элементтерін есептеу және құрастыру туралы, сонымен қатар металл конструкцияларды жасау және монтаждау үшінғимараттарды тұрғызу, инженерлік жүйелерді орнату технологиясы үшін, құрылыс-монтаждық жұмыстарының оңтайлы шешімін таңдау туралы тұрақты түрде дағдыландыру.

«Өндірістік және азаматтық құрылыс» (әрі қарай ӨАҚ) мамандандыруы бойынша бакалаврларды «Құрылыс» кафедрасы дайындайды (МУК 305, 306).  ӨАҚ мамандандыруы бойынша білім алғандар өндірістік және азаматтық ғимараттарды жобалаумен айналысады. Институт қабырғасында  толық көлемде  ғимараттар мен үймереттерді жобалау негіздерін, олардың есептеу тәсілдерін, сонымен қатар құрылыс технологияларын игеріп алатын болады. Осы мамандандыруы бойынша біліктілігін алған мамандар құрылыс саласының мемлекеттік кәсіпорыдарында және жекеше фирмаларда (шебер, құрылыс жұмыстарындағы тікелей басшы) болып жұмыс жасай алады.

Осымен қатар, жобалық институттарда, конструкторлық бөлімшелерде, ғылыми-зерттеу институттарда жобалаушы және ғылыми қызметкер болып қызмет етуі мүмкін.

Мақсаты – құрылыс саласындағыазаматтық, өндірістік және коммуналдық  объектілердін жобалауын, салуын және қолдануын білетін бакалаврларды дайындау.

Міндеттері  - элементтермен ғимараттардың есептерін білікті түрде орындау, сапалы деңгейде техникалық шешім қабылдау, экология және тіршілік қауіпсіздігінің талаптарына сай құрылыс пен қайта құруға техникалық тапсырмаларды даярлау.

Кәсіби практика – болашақ мамандығына сай өндіріс саласында кәсіби дағдыларымен білімдерін тәжірибелік игеру.

Кәсіби практиканың үш түрі өтеді: оқу, өндірістік және диплом алдындағы

Бітірушінің түсінігі болу қажет:

  • әлемді танудың ғылыми, философия және діни мәселелері туралы, адам баласының өмірінің мәні, мағнасы, жаратылысы туралы,  адамның білімдерінің әр түрлілік формалары туралы, шығармашылық және күнделік өмірдін рухани қазынасы туралы;
  • жанды және жансыз табиғатта туатын ұдерістері мен құбылыстар;
  • табиғи-ғылыми және кәсіптік мәселелерді шешу үшін табиғатты танып білудін замануи ғылыми тәсілдерінің мүмкіндіктері туралы;
  • өз болашақ мамандығының мағнасымен  әлеуметтік маңыздылығы туралы, пәндердің маңыздылығы, олардың білім жүйесіндегі қарым-қатынасы туралы;
  • ғылымныңөркениет дамуына үлесі ғылыммен техниканың ара қатынасы, олармен тікелей байланыстағы замануи әлеуметтік және этикалық проблемалар, ғылыми ұтымдылықтын құндылығы;
  • сәулеттін, ғимараттармен үймереттердің көлемді-жоспарлық, композициялықжәне конструктивтік шешімдер туралы даму беталысы; қала құрылысының, аумақты жоспарлаумен жайғастырудың  даму келешегі;
  • құрылыс материалдармен бұйымдардың өндеу технологиясын жетілдіру бағыттары туралы;
  • геодезиялық, гидрогеологиялық, экологиялықізденістердің инженерлік тәсілдері туралы;
  • ғимараттармен үймереттерді тұрғызу технологиясынын даму беталысы туралы;
  • ғимараттармен объектілердің және елді жерлердің сумен, жылумен, газбен жабдықтау, кәріздеу, желдетудің негізгі мәселелері туралы
  • қоршаған ортаны қорғау, экология және тіршілік қауіпсіздігінің  мәселелері туралы

Білу керек:

  • сәулеттік жобалаудың негіздерін, ғимараттармен үймереттер конструкцияларының замануи түрлерін;
  • құрылыс материалдардың негізгі физика-механикалық қасиеттерін, оларды жасау технологиясын, қолдану тиімділігін арттырутәсілдерін;
  • құрылыстағы инженерлік ізденістер тәсілдерін;
  • ғимараттардың және елді жерлерді сумен, газбен, электрмен жабдықтау, кәріздеу, желдету жүйелерін орнату негіздерін;
  • инженерлік механиканың негізгі түсініктемелерін, заңдарын, тәсілдерін;
  • негіздеме топырақтарының  пайда болуын, құрылу шарттарын, құрамы мен қасиеттерін;
  • ғимараттармен үймереттерді және инженерлік жүйелерді есептеу және құрастыру негіздерін;
  • жобалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын;
  • құрылыс конструкциялардың және негіздеме топырақтарының теориялық және тәжірибелікзерттеулер тәсілдерін;
  • құрылыс өндірісінің технологиясын, ұйымдастыруын, механикаландыруын және автоматтандыруын;
  • экономика теория негіздерін, құрылыс саласының экономикасын, менеджмент және маркетингті,  есепке алу және аудитті;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын,  табиғатты қорғау заңнама мәселелерін

Істей алу керек:

  • кәсіптік қызметіне байланысты нормативтік және құқықтық құжаттамалар қолдануды;
  • мемлекеттік және шет тілдерде әңгіме-сұхбат түрде сөйлесуді, сөйлеу әдеп ережелерімен қолдануды, ақпаратты ізденіс мақсатына жету үшін сөздік көмегісіз мамандық бойынша әдебиеттерді оқу, мәтіндерді сөздік көмегімен аудару, андатпаларды, рефераттарды және іскерлік хаттарды шетел тілде құрастыру;
  • ғимараттармен үймереттердің конструкцияларын, олардың негіздемелері мен іргетастарын, инженерлік жүйелерін замануи бағдарламалық өнімдерді қолдана есептеуін орындау;
  • замануи бағдарламалық өнімдерді қолдана құрылыс саласының болашақтағы дамуына қойылатын талаптарына сай жобалық шешімдерді жетілдіру;
  • ғимараттармен үймереттердің бөлшектерін жөндеу және күшейтуін жоспарлау, инженерлік жүйелерді, желілерді және жабдықтарды жаңарту;
  • өз бөлімшенің  және/немесе толық кәсіпорынның замануи бағдарламалық өнімдерді қолдана, өндіру-шаруашылық қызметін талдау;
  • технологиялық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру;
  • ақпаратты жинайтын ақпараттық технологияларды және жобалық-конструкторлық пен өндірістік мәселелерді шешетін қолданбалы бағдарламалар пакеттерді қолдану;
  • құрылыстың экологияға техногендік әсерін тигізуді бағалай білу;
  • құрылыс-монтаждық жұмыстар сапасын бақылауын және бағалауын білу;
  • орындалған жұмыстарды қабылдап тапсыруды жүзеге асыру;

 

Қолдана білу керек:

  • мемлекеттік сонымен қатар ұлтаралық қатынас тілімен иелену, шетел тілдердін ең кемі біреуінің лексика-грамматикасын білу;
  • бағдарламалықөнімдермен ғылыми-техникалық ақпаратты іздеуге, жинауға, өндеуге, талдауға және сақтауға арналған замануи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау;
  • сәулет-құрылыс, арнайы және ғылыми терминологиямен иелену;
  • құрылыс конструкцияларды, ғимараттар мен үймереттердің негіздемелерді, жылу және газбен жабдықтау жүйелерді, желдетуді, сумен жабдықтау және кәріздеу жүйелерді, құрылыс өндірісті ұйымдастыруды есептеу және жобалаудың негізгі нормативтік және анықтамалық құжаттамалармен жұмыс жасау;
  • құрылыс материалдарды, конструкциялар мен ғимараттарды сынау және зерттеу әдістерінің жаңа тәсілдерін қолдану;
  • құрылыс, сәулет, инженерлік жүйелер, менеджмент, экономика, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде құзыретті болу;
  • замануи техникамен жұмыс жасауды, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды жүзеге асыруды білу;
  • экономика негіздері жағынан білімді болу, менеджмент, маркетинг, қаражаттар туралы ғылыми түсінік болу
  • тұрлаусыздық және тәуекел жағдайларда экономикалық және ұйымдастырушылық жағынан дұрыс шешім қабылдау үшін дағды болу;

 

Бітіруші келесі кәсіби құзреттерге ие болу керек:

  • кәсіби қызметте қажет болатын фундаменталды пәндердің негізгі бөлімдерін білу;
  • өндіріс үдерістерінің  бұзылуын қолма-қол жою, орындалған жұмыстардың бастапқы есебін жүргізу, өндірістің жедел және ағымдыкөрсеткіштерін талдау, өндірістін  басқарушылық қызметін жетілдіру туралы түскен  ұсыныстарды дәлелдеу;
  • Қазақстан республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін білуде  құзыретті болу;
  • тәжірибелік және зертханалық зерттеулер жүргізу, шыққан нәтижелерге түсінік беру, есептемені құрастыру және оны қорғау;
  • жеке, өз бетімен және шығармашылық ұжыммен бірлесіп қажетті техникалық және нормативтік құжаттамалар шығару, жобалардың құрылыс саласындағы стандарт талаптарына, техникалық шарттарына және басқада нормативтік құжаттарына сәйкестілігін бақылау, техникалық, әдістемелік, басқа да құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша жасау, келістіру және бекіту

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх