Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мамандың шифры:

5В072100

Профильді пән:

Химия - Физика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

«5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiмен  (БСҚА -IQAA) 5 жылға, яғни 19.06.2021 жылға дейін аккредиттелген, сертификат № АВ0939  20.06.2016 ж.

 

Бағдарлама мақсаты: органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында алдына мақсат қоя алатын және кәсіби функцияларды іске асыруға байланысты  тапсырмаларды тұжырымдай алатын, органикалық заттар өндірісінің   технологиялық үдерістерін, және технологиялық қондырғының жұмыс істеу шарттары мен режимін жоспарлай және ұйымдастыра алатын, органикалық қосылыстарды синтездеу және қайта өңдеу бағытында ғылыми зерттеулер жасай алатын, органикалық заттарды өндіру, ғылым және білім салаларындағы жұмыстарға арналған  нәтижелерді өңдей алатын  жоғары білікті мамандар дайындау.

 

Білім беру бағдарламасының мазмұны: Бакалавриаттың білім беру бағдарламасында студенттердің 1 -2 семестр ішінде жетекші шетел оқу орындарында академиялық мобильдік бағдарлама бойынша оқуына мүмкіншілік беретін ағылшын тілін тереңінен үйрену мүмкіндіктері, сонымен қатар түлектердің ортақ мәдени және кәсіби құзіреттерін жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатын бірқатар жалпы білім беру және арнайы пәндер қарастырылған.

Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі болып студенттердің теориялық оқыту курсының қажетті көлемін игеруі, ҚР МЖМБС талаптарына сай жұмыс және жеке оқу жоспарын толық орындауы; теориялық оқу курсының 129-дан кем емес кредитін игеруі; оқу –таныстыру, өндірістік тәжірибеден өтуі; Қазақстан Тарихы және мамандық бойынша Мемлекеттік емтихан тапсыруы; дипломдық жұмысқа дайындығы және оны қорғауы болып табылады

Дайындық күндізгі оқу бойынша мемлекеттік грант және ақылы бөлім арқылы кредиттік технологиямен   жүргізіледі.

 

Мансаптық келешегі: «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының бакалаврлары келесі кәсіби қызметтерді сәтті орындауына болады:

- өндірістік-технологиялық;

- есеп -, жоба -, конструкторлық;

- ұйымдастыру – басқарушылық;

- сервистік пайдалану қызметін көрсету;

- тәжірибелік-зерттеу жұмыстары.

«5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасын жақсы игерген түлектерге «Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша техника мен технология бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавр дәрежесі 4 жылдық оқу мерзіміне жобаланады. Бакалавр түлектері магистр дәрежесін алу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыра алады, оқу мерзімі: 1,5 жыл – профильді магистратура, 2 жыл – ғылыми- педагогикалық магистратура.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх