Дизайн

Мамандың шифры:

5В042100

Профильді пән:

Шығ. емт.

Архитектура мен дизайн өнерінің түйісу ортасында қызмет ететін дизайнер мамандарды даярлайды. Архитектуралық ортаның дизайнерлері қалаларды, ғимараттар мен оның интерьерлерін безендірумен, алаңдарды көркейту және оған қажетті жабдықтар мен детальдарды өңдеумен айналысады.

Түлектер архитектуралық-дизайнерлік жобалардың негіздерін, өндіріс технологиясы мен материалдар қасиетін, ғимараттардың инженерлік жабдықтарын, архитектура мен дизайн жөніндегі компьютерлік бағдарламаларды біліп шығады. Сонымен қатар олар қалалық ортаға сараптама жасауды, жаңадан қалалық ландшафттар, оның экспозициясын, интерьері мен жарнамасын жасауды үйреніп, өнеркәсіптік және тұрмыстық бағытын анықтайды.

Мамандық иелерінің мақсаты – үйлесімді заттық-кеңістіктік орта қалыптастыру және әртүрлі көркемдік нысандарын қажетті жағдайға келтіру.

Дизайн мамандары әсіресе қазіргі кезде өте жоғары сұранымға ие. Олар жобалау ұйымдарында қызмет ете отырып, тәуелсіз Қазақстанды жаңаша көріктендіруге ат салысады. 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх