Электр энергетикасы

Мамандың шифры:

5В071800

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Бағдарламаның сипаттамасы

5B071800 – Электр энергетикасы мамандығының кәсіптік қызметінің саласы –электр энергетика саласында жобалау, пайдалану және басқару қағидалары мен әдістері

 

Түлектердің кәсіптік қызметінің нысандары:

  • Электр станциялар және қосалқы станциялар;
  • Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар;
  • шаруашылық нысандары мен салаларында электрмен қамтамасыз ету жүйелері;
  • электр энергетикадағы автоматты басқару және релелік қорғаныс құрылғылары;
  • дәстүрлі емес және қайта жаңғырмалы энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар, электр станциялар және кешендер;
  • электр энергетикалық және электротехникалық құрылғыларды электрлік оқшаулау, кабельдік өнімдер және өткізгіштер, электрлік оқшаулау материалдары және жүйелері;
  • әртүрлі шаруашылық салаларындағы механизмдер мен технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматикасы;
  • түрлі электр транспорттары және транспорттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету құралдары;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарының электр шаруашылығы, төмен және жоғары кернеулі зауыт электр жабдықтары, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің электротехникалық қондырғылары мен электр тораптары;
  • нормативтік техникалық құжаттама және стандарттау жүйесі;
  • жеке, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар;
  • оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО.

Бағдарламаның мақсаты:студенттерді энергетика саласында, жеке, қоғамдық, мемлекеттік ұйымдарда және оқу орындарында сәтті карьераға дайындау.

Бағдарламаның міндеті: бәсекелес қоршаған ортада қажетті болған фундаменталды білімдерді және интеллектуалды кәмелеттікті қамтамасыз ететін пәндерді оқыту арқылы кадрларды дайындау.

 

Бағдарламаның миссиясы: білім алушының жеке талаптары мен ерекшеліктерін ескере отырып икемді білім беру үрдісімен қамтамасыз ету.

 

Бағдарламаның артықшылықтары

  • бағдарлама теориялық білімдер мен бірге, тәжірибелік білім мен дағдыларды өз ішіне алады;
  • қазақ және орыс тілдерінде оқыту;
  • жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
  • әрбір студентпен ерекше қатынас;
  • бағдарламаның логикалық және теңдестірілген құрылымы;
  • әрбір студентке оқу курстары мен модульдерін таңдау мүмкіндігін беру;
  • тиімді оқыту технологиялары;
  • зертханалар «SchniederElectric» (Франция) және «Учебная техника» (Ресей) компанияларының заманауи жабдықтарымен жабдықталған, оларда оқу эксперименттерінен тыс, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар;
  • ғылыми-зерттеу жобаларында қатысу;
  • дәріс оқу үшін шетелдің жетекші ғалымдары мен профессорларын жұмылдыру;
  • Қазақстан облыстары бойынша практика базаларының бар болуы;
  • Қазақстандағы техникалық білім бер бойынша жетекші жоғары оқу орнының дипломы;
  • 6М071800 – Электрэнергетикасы, 6М070200 – Автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі.

Практика базалары: «KEGOC» ҰК регионалдық филиалдары, «КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В.»,  «АЖК» АҚ, «АСПМК-519» АҚ, «ШардараСЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «ОңтүстікЖарық Транзит» ЖШС, «МойнақСЭС» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Атырау жарық» АҚ, «АЗТМ» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «ELCOS» ЖШС.

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх