Инженерлік жүйелер және желілер

Мамандың шифры:

5В075200

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Арналау, сумен қамту, желдету, жылумен, газбен жабдықтау жүйелеріндегі нысандарды игеру мен қайта құрылымдау, монтаждау, жобалау саласында бәсекеге қаблетті жоғары білікті  мамандар даярлау. Даярлау жұмыстары мемлекеттік грант негізінде күндізгі білім беру, сонымен қатар кредиттік технология бойынша ақылы түрде күндізгі және қашықтықтан оқыту негізінде жүргізіліп, техника және технология бакалавры дәрежесін берумен аяқталады. Одан кейінгі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі магистратураның білім бағдарламаларына сай ұсынылады.

5В075200-Инженерлік жүйелер және желілер мамандығы бойынша бакалаврлар келесі жұмыс түрлерін табысты түрде орындап шығады:

-жобалық-құрылымдық және ізденіс саласындағы қызмет

-жергілікті тұрғын аумақтарына құрылыс салу, жоспарлау, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды, кешендерді жобалау үшін бастапқы мәліметтер мен ақпараттық мәліметтерді жүйелеп, жинау.

-автоматтандырылған жоба құрудағы стандартты құралдарды қолдана отырып, бөлшектер мен түйіндерді қайта құрылымдау және есептеу.

-жобалық және жұмысқа арналған техникалық құжаттамаларды дайындау, аяқталған құрылымдық-жоба жұмыстарын рәсімдеу

-құрастырылған жоба мен техникалық құжаттамаларды стандарт, норма, ережелер, техникалық жағдайларға қатысты сәйкестендіруді қамту.

-өндірістік-технологиялық және өндірістік-басқару қызмет саласында:

-жұмыс орындарын ұйымдастыру, техникалық қамтылуы, технологиялық жабдықтарды орналастыру

-технологиялық пәндердің сақталуын бақылау

-технологиялық және көлік жабдықтарымен қызмет көрсету

-технологиялық үрдістерді метрологиялық қамтуларды ұйымдастыру, көлік, қондырғылар, шығарылған өнім, құрылыс материалдарының сапасын бақылау үшін әдіс түрлерін қолдану

-машиналар, жабдықтар дайындауда, құрылымдар мен бұйымдар жасауда, құрылыс материалдарының өндірісі мен құрылысты дайындау кезінде технологиялық үрдістерді игеру жұмыстарына қатысу

-экологиялық қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру

Кіші ұжымдық орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлер жұмысын жоспарлау және еңбекақы беру қорын қадағалау

Техникалық құжаттамаларды құрастыру (жұмыс графикалары, нұсқаулар, жосарлар, сметалар,   материал тапсырыстары, жабдықтар ), сонымен қатар белгіленген үлгіде есеп тілігін жасау

-стандарт бойынша жұмыстарды орындау және техникалық құралдарды, жүйелерді, үрдістерді, жабдықтарды, материалдарды сертификаттауды дайындау

-өнеркәсіптегі сапа менеджмент жүйесінің құжаттамаларын орындау

-өндіріс алаңдарын қайта құрылымдау бойынша жоспарлы-ұйымдастыру есептемелерін жүргізу

-бастапқы өндірістік құрылымдар жұмысының оперативті жоспарын құрастыру

-өндірістік құрылымдарының жұмыс нәтижелері мен шығындарына талдау жүргізу

-сервистік-игеру және монтаждап-жөндеу саласында:

-өнеркәсіп шығаратын  өнім үлгілерін, құрылыс нысандарының жабдықтары мен инженерлік жүйелерді, құрылымдарды игеруге беру және сынақтан өткізу, жөндеу, монтаждау

-технологиялық жабдықталу құралдары мен жабдықтарды тәжірбиелік тұрғыдан тексеру

-профилактикалық тексерістер мен ағымдық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Қолданылатын жабдықтарды қабылдау және меңгеру

-жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттамалар дайындау, қосалқы бөлшектер мен тапсырыстарды құрастыру

-сынақтау бағдарламасы мен жабдықтарды игеру бойынша нұсқаулар құру

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дағы 5В075200-Инженерлік жүйелер және желі мамандығы бойынша оқытудың артықшылықтары:

  • Қазақстан Республикалық мемлекеттік үлгісіндегі бакалавр дипломын алу;
  • жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы;
  • Инженерлік жүйелер мен желілерді игеру мен жобалау саласындағы жетекші ұйымдарға жұмысқа орналастыру, еңбекпен қамту;
  • кешендер мен ғимараттарды салу құрылысының қарқынды дамуына байланысты инженерлік жүйелер мен желі мамандарына деген жоғары сұраныс.

 

Еңбекпен қамту

Аталмыш сала бойынша бітірушілер табысты еңбек етеді:

-жалпы құрылыс ұйымдарында;

-инженерлік желілер мен құрылыс саласындағы мамандандырылған ұйымдарда;

-қалалық құрылыс шаруашылық ұйымдарында;

-қоршаған ортаны қорғау ұйымдарында.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх