Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау

Мамандың шифры:

5B070600

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Оқу мерзімі – 4 жыл

 

Аккредитация

Халықаралық аккредитация ASIIN e. V. Mörsenbroicher Weg 200, 40470 Düsseldorf, тел..: 0211/900977-0, Факс: 0211/900977-99,

E-Mail: info[at]asiin[dot]de, www.asiin-ev.de.[U1] 

 

Бакалавр түлектеріне Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бағдарлама мақсаты:

Геологиялық барлау және игеру өндірісінің барлық сатыларында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын  тау-кен геологиялық барлау, геологиялық өндіріс ошақтары, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері, ЖОО және жерқойнауын тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау органдары үшін, замануи нарық және халықаралық стандарттар талаптарына сай геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Мамандарды дайындау күндізгі бөлімде мемлекеттік грантпен қатар ақылы негізде кредиттік технология бойынша жүргізіледі және нәтижесінде түлектерге бакалавр дәрежесі беріледі.

Жоғарғы оқу орнынын бітіргеннен кейін студенттер өздерінің білімін  магистратура бағдарламалары арқылы жалғастыра алады.

 

5В070600 –  «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының бакалаврлары төмендегідей кәсіби қызметтерді еркін атқара алады:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару;
  • сервистік-пайдалану;
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру (педагогикалық)

 

Мамандандыру:

  • Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау

 

Міндетті пәндер – 24 кредит, келесі пәндерді қоса алғанда:

  1. Жалпы геология
  2. Құрылымдық геология
  3. Кристаллография және минералогия
  4. Петрография
  5. Қазақстан геологиясы және  минералдық ресурстары
  6. Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы
  7. Жерқойнауын пайдалану негіздері
  8. Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау

 

ҚазҰТЗУ-нің «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша білім алудың артықшылықтары:

Германияның аккредителген ASSIIN бағдарламасы бойынша бакалавр дипломын алу

Жоғары білікті прфессорлар мен оқытушылар құрамы

Өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындарында ҚазҰТЗУ түлектеріне деген қажеттілік

Лоррен университетімен бірге «Геоэнергетика» магистратурасының жоғарғы оқу орнынан кейін қос дипломдық білімін алу мүмкіндігі

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх