Жылу энергетикасы

Мамандың шифры:

5В071700

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Бағдарламаның сипаттамасы

 

5B071700 – Жылу энергетикасы мамандығының кәсіптік қызметінің саласытехниканың құраушы бөлігі болып, жылуды өндіретін және қолданатын, жылу ағынын басқаратын және әртүрлі энергияны жылу энергиясына түрлендіретін құралдар, тәсілдер мен әдістер жиынтығын өз ішіне алады.

 

Келесібағыттар бойынша мамандар дайындалады: техникалық гидромеханика, су-химиялық режимдер, жылу техникалық құрылғылар және үрдістер, өртеу үрдістері және құрылғылары, энергия үнемдеу және экология, ЖЭС режимдері және жабдықтарын пайдалану.

 

Түлектердің кәсіптік қызметінің нысандары:

- энергетикалық жүйелер және кешендер; 
- өнеркәсіптік кәсіпорындарының және автономиялы нысандардың жылумен қамтамасыз ету жүйелері; 
- дәстүрлі емес және қайта жаңғырмалы энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар және кешендер; 
- жылуды өндіру, тарату және тұтыну бойынша технологиялық қондырғылар; 
- түрлі міндеттегі бу және су қыздыру қазандықтары, атом электр станцияларының бу генераторлары; 
- бу және газ турбиналары, энергоблоктар; 
- жылу техникалық көмекші жабдықтар, түрлі міндеттегі жылу және масса алмасу аппараттары; 
- жылу желілері; 
- технологиялық сұйықтықтар, газдар және булар; 
- буландыру және буды түрлендіру қондырғыларында суды дайындау және пайдалану бойынша технологиялық жабдықтар;
- жылу және электр технологиялық үрдістерді, қондырғыларды, жүйелерді және кешендерді автоматты бақылау және басқару жүйелері; 
- нормативтік техникалық құжаттама және стандарттау жүйесі;

- жеке, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар;

- оқу орындары;

- ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО.

 

Оқыту бағдарламасының мақсаты – жылу желілерін, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін, энергетикалық кешендердің жабдықтарын жобалау және пайдалану саласында сәтті жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіптік құзыретке ие білікті мамандарды дайындау.

 

Бағдарлама миссиясы: білім алушының жеке талаптары мен ерекшеліктерін ескере отырып икемді білім беру үрдісімен қамтамасыз ету.

 

Мансап мүмкіндіктері: Жылу энергетикасы мамандығының түлектері жылу желілерін, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін, энергетикалық кешендердің жабдықтарын жобалау және пайдалану саласында сұранысқа ие.

 

Бағдарламаның ұзақтығы: 4 жыл немесе 8 академиялық семестр.

 

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • әрбір студентке оқу курстары мен модульдерін таңдау мүмкіндігін беру;
  • қазақ және орыс тілдерінде оқыту;
  • кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқу;
  • Қазақстандағы техникалық білім бер бойынша жетекші жоғары оқу орнының дипломы;
  • мансабы жоғарылау мүмкіндігі;
  • жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
  • әрбір студентпен ерекше қатынас;
  • дәріс оқу үшін шетелдің жетекші ғалымдары мен профессорларын жұмылдыру;
  • оқу зертханалары заманауи жабдықтармен жабдықталған;
  • практика базаларының бар болуы;
  • 6М071700 –Жылуэнергетикасымамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі.

Практика базалары:«АкадемикШ.Ч.Чокин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ» АҚ,«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС,«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Физика-техникалық институт» ЖШС.

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх