Ақпараттық жүйелер

Мамандың шифры:

5B070300

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Ақпараттық технологиялар кафедрасы болашақ IT-мамандарды іргелі даярлау сапасын жақсарту бойынша және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының деңгейін көтеру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім алудың көп деңгейлі жүйесіне көшу жүзеге асырылды (бакалавриат-магистратура- PhD докторантура), кафедраның 3 лицензиясы бар, оның ішінде бакалавриат мамандығы – 1; магистратура мамандығы – 1; PhD докторантурасының мамандығы – 1.

ҚазҰТЗУ 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ҚР ҰҒА өткізетін бакалавриат білім беру бағдарламасын академиялық ранжирлеу нәтижелері бойынша соңғы 3 жылда тұрақты 1 орынды алып келеді (рейтинг – 2012, рейтинг – 2013 және рейтинг – 2014 ж.ж.).

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының бакалаврлары мен магистрлері түрлі ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасын жасауға, жобалауға және құруға бағытталған: экономиканың, қаржының және өндірістің түрлі салаларындағы шешім қабылдау жүйелері, эксперттік және интеллектуалды жүйелер, ақпараттық-іздеу жүйелері.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх