Аспап жасау

Мамандың шифры:

5B071600

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Кафедра мамандарды үш бағыт бойынша дайындайды. Студент бірінші курстан кейін көрсетілген бағыттардың кез келгенін таңдай алады.

Ақпаратты – өлшеу техникалары және технологиялары

  • Ақпараттық-өлшеу аспаптардың құрылымы мен технологиясы.
  • Өндірістік, басқа саладағы бақылау-өлшеуіш аспаптар.
  • Мұнай-газ, кеден, бақылау объектілерінде қолданатын өлшеу аспаптары.

Мехатроника және робототехника

  • Түрлі салалардағы (мұнай-газ, банктер, өндірістер және т.б)
  • компьютермен басқарылатын техникаларды, жобалау, пайдалану және жөңдеу.

Биотехникалық және медициналық аспаптар және жүйелер

  • Емдеу және диагностика аппараттары.
  • Фармацевтика саласында қолданылатын аппараттар мен машиналар.

Механика, электроника және компьютер және бағдарламалау пәндерінен білімі және іскерлігі бар «Аспап жасау» мамандығының бакалавры мұнай-газ, тау-кен өндірістерінде және т.б. салаларда, медициналық мекемелерде; банктерде және кеңселерде, ірі шетелдік және отандық компанияларда жауапты және жоғары деңгейдегі сұранысы бар маман ретінде жұмыс істей алады. 


Бітірушілердің кәсіптік нысандары төмендегідей салаларда қолданылатын автоматты басқарылатын техника мен аспаптар:

  • автоматика және өндірісті автоматтандыру;
  • робототехника;
  • авиациялық, ғарыштық және әскери техника;
  • банктік және офистік техника;
  • медициналық қондырғы;
  • тұрмыстық техника;
  • бақылау- өлшеу техникасы;
  • бытовая техника;
  • жарнама, шоу-индустрия және т. б.

Түлектер келесідей кәсіби қызметтерді игереді:

  • конструкторлық-жобалаушылық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеушілік.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх