Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Мамандың шифры:

5В100200

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Еліміздің барлық салаларда АТ-технологияны кең меңгеру жоғары біліктілікті мамандар даярлаудың (оқу үдерісінде кеңінен пайдаланылатын) жаңа келістері мен әдістерін қолдануды талап етеді.

Осы мақсатта оқу үдерісіне заманауи бағдарламалық өнімдер, дерекқорларды басқару жүйелері (ДҚБЖ), операциялық жүйелер, Интернет технологиялары және әлемдік ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген басқа да технологиялар,жүйелер мен құралдар енгізіледі.

Бакалаврлардың кәсіби қызмет аясы – қорғауды талап ететін ақпаратпен байланысы бар адамзат іс-әрекеттерінің барлық салаларында ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық, аппараттық және бағдарламалық әдістері мен құралдарын әзірлейтін, ендіретін және қолданатын мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен мекемелер.

Бакалавр дәрежесін иемденген және оқуды ойдағыдай (табысты) бітірген студенттердің әрі қарай магистратураны ҚР ЖОО-да, сондай-ақ, шетелде, оның ішінде ШЫҰ университеттерінде жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх