Кадастр

Мамандың шифры:

5В090700

Профильді пән:

Биология - География

Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтермен, жер учаскелерінің шекарасы мен көлемі, оның пайдалану мақсаты, сапалық қасиеті, пайдалануы жөніндегі есеп және жер учаскелерінің кадастрлық құнымен айналысатын мамандарды даярлайды.

Кадастр мамандар кадастр жүргізумен, жерге мониторинг жүргізумен және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен айналысып, жер қолданысы мен оны қорғауға бақылау жасайды, салық төлеуге ыңғайлы болу үшін жерді аймақтарға бөлу, жылжымайтын мүліктерді кадастрлық және нарықтық бағалаумен шұғылданады, жоғары дәлдікті оптикалық және лазерлік аспаптар мен компьютерлік технологияларды, электрондық тахеометрлерді қолдана отырып, геодезиялық түсірілімдер жасайды.   

Біздің түлектер Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікте, Кешенді зерттеу бөлімдерінде, Жер ресурстары мен жерге орналастырушылық жөніндегі ғылыми-өндірістік орталықта, оның аудандық және қалалық еншілес бөлімдерінде және әртүрлі мақсаттағы жерлерді бағалау жөніндегі бөлімшелерде еңбек ете алады.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх