Логистика (сала бойынша)

Мамандың шифры:

5В090900

Профильді пән:

География - Математика

Концентрация үрдістерін басқару, өндірістік технологиялық сала мен көлік жүйелерінде материалдық, сервистік және ақпараттық ағындардың қозғалысы мен бөлу саласы бойынша еңбек ететін мамандарды даярлайды.

Түлектер кәсіпорындар мен ұйымдардың технологиялық үрдістерін үйреніп, шикізат пен дайын өнімді жеткізу үрдістерін жоспарлауды және оны ақпаратпен қамтамасыз ету жолдарын біліп шығады.

Біздің түлектер отандық және шетелдік компанияларда логист қызметін атқарып, логистика мен тарификатор менеджері, қойма менеджері, экспедитор, координатор немесе логистика бөлімінің ассистенті қызметін де атқара алады.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх