Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Мамандың шифры:

5В071000

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Бағдарламаның айқын сипаттары:

- ғылымның, техника мен технологияның басымдық (стратегиялық) даму бағыты бойынша оқыту;

- заманауи ғылымға енгізілген технологияларды құру және жаңа материалдарды мен әр түрлі қолданыстағы жабындарды өндіріске енгізу үшін жоғары білікті кадрларды дайындау;

- заманауи материалтану және жаңа буын жабындарын жасауда жоғары деңгейлі мамандарды дайындау;

- Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың , физика-техникалық институттың, АТҒНЛ  зертханалық және ғылыми базасын қолдану мүмкіндігі;

- нағыз заманауи жабдықтарды игеру мүмкіндігі.

Кәсіптік пәндер инженерлік, ақпараттық және технологиялық пәндерден тұрады. Мысалы, сызба геометриясы және компьютерлік геометрия, информатика және ақпараттық-коммуникациялық технология, материалтану және материалдар технологиялары, материалдар механикасы және құрылымдау негіздері, электротехника және электроника, зат құрылысын зерттеу әдістері. Студенттер тәжірибені ғылыми зертханаларда сонымен қатар өндірісте өте алады (таңдаған профильге байланысты).

Бағдарлама мақсаты: Инженерлік ғылым аумағында жоғары білікті мамандарды дайындау.

Бағдарлама міндеті:  өндірістік-технологиялық және өндірістік кәсіпорындарда ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу бойынша тәжірибелік- зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті бакалаврларды шығару.

Бағдарлама миссиясы: бакалаврлардың жеке қажеттілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып икемді білім процесін ұсыну

 

Мамандықтың болашағы: Дефектоскопист, материалдарды химиялық және спектрлік сараптау бойынша инженер, электрондық микроскопия инженері, материалдар мен жабындарды сынаушы инженер, инженер-материалтанушы.

Бағдарламаның ұзақтығы: 4 жыл немесе 8 академиялық семестр.

Сабақ дағдылы жұмыс күндері өткізіледі.

Кредиттің жалпы саны: 129.

Құны ақылы түрде 635800  теңге, грант бойынша оқу тегін.  


 Бағдарламаның артықшылығы:

• Әрбір студентке курс пен оқу модулін  таңдау мүмкіндігі берілуі.

• Оқу орыс және қазақ тілдерінде.

• Бірнеше пәнді ағылшын тілінде жүргізуді енгізу. 

• Қазақстанның белді бір жоғары оқу орнының дипломы.  

• Мансапты жоғарылату мүмкіндігі. 

• Жоғары білікті профессорлық-оқытушы құрамы.

• Әрбір студенттің жеке дара тілін табу. 

• Дәріс оқуға жетекші шетел ғалымдары мен профессорларын қатыстыру.

• Оқу зертханаларының заманауи құрылғылармен жабдықталуы.

• Тәжірибие базасының болуы.

• Берілген мамандық бойынша магистратура және докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі. Физика-техникалық институтта, Ұлттық ядролық орталықта, космостық зерттеулер мен технологиялары ҰО, Жер және металлаургия ғылыми орталығында  тәжірибенің болуы.

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх