Металлургия

Мамандың шифры:

5В070900

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Металлургия– бұл кен орындарынан немесе басқа да материалдардан металдардыалуға, сонымен қатар металдық қорытпалардың химиялық құрамы, құрылымы және қасиеттерінің өзгерісімен байланысты үрдістерді қамтитын ғылым мен техниканың саласы.

 

Металлургияға кіретіндер:

  • Табиғи шикізаттан және басқа металл құрамдас өнімдерден металдарды өндіру;
  • қорытпаларды алу;
  • металдарды ыстық және суық күйінде өндеу;
  • металдан қаптама жалату;
  • металдардың, интерметаллидтердің және қорытпалардың физикалық және химиялық өзгерістерін зерттейтін материалтанусаласы.

 

Профессионалды қызмет нысандары – металлургиялық кәсіпорындар, зауыттар, тау-кен металлургиялықкешендер, жобалық ұйымдар, металлургиялық зерттеу орталықтары, химияөнеркәсіптері, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО-ы, МОО-ы.Минералды және техногенді шикізатты өндеу үшін технологиялық үрдістер және құрылғылар, қара және түсті металдарды және олардан бұйымдар өндеу және өндіру;технологиялық операцияларды іске асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау үшін және энергия мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін құрылғылар мен үрдістер; қондырғыларды, өнімдерді, материалдарды және үрдістерді зерттеу; жобалар, материалдар, әдістер, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджмент жүйесі, математикалық модельдер, өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімдер.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты болып:

– металлургия бойынша заманауи энергия үнемдеуші технологияларды қамтитын, жобалау ісі, инновациялық шешімдер, жоғарғы технологиялық саладағы кәсіпкершілікті қамтитын инновациялы экономикаға мамандарды қалыптастыру.

– мемлекеттік стандартқа сәйкес түлектің өзі таңдаған мамандығы бойынша, жемісті еңбек етіп, әлеуметтік мобилділігін арттырып, еңбек нарығында тұрақтануға ықпал етіп, оның біріңғай мәдени, әмбебап, кәсіби құзырын қалыптастыру.

– профессионалдық жұмыстың келесідей түрлері бойынша біліммен қамтамасыз ету: өндіріс-технологиялық; ұйымдастыру-басқару; ғылыми-зерттеу; мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жобалық.

– инженерлік тұрғыда жұмыс істеу үшін металлургиялық кәсіпорындарда мастер қызметінде немесе сол қызметте басқада ғылыми зерттеу мекемелерінде немесе коммерциялық құрылымдарда, профессионалды тұрғыда өсуге болашағы бар мамандарды дайындау.

– студенттердің жеке ғылыми-метрикалық көрсеткіштерін жолға қою.

 

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мақсаттары болып:

  • әлеуметтік-экономикалық қоғамның дамуы, тарихы, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, мемлекеттік, шетелдік және орыс тілдерінде заңдарына негізделген, әлеуметтік және гуманитарлық білім қалыптастыру;
  • жаратылыстану, жалпы техникалық және экономикалық пәндер, кәсіптік білім беру іргетасы ретінде, білім меңгеру;
  • ауыр түсті, жеңіл, асыл, сирек металдар өндіру технологиясы бойынша теориялық білімді қалыптастыру.

 

Біздің түлектер білетін болады:

- металлургиялық өндірістердің ұйымдастырушылық құрылысын;

- қара және түсті металлдарды өндіруді бағалау және салыстыру негіздерін;

- металлургиялық қондырғылардың құрылысын;

- металлургиялық нысандарды жобалауды;

- инженерлік есептеу әдістерін және инженерлік және басқарушылық шешімдерді қабылдауды.

 

Біздің түлектер істей алады:

  • әлеуметтік сұрақтарды және экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, бағытты-бағдарламалық анализдеу әдістерін айырықшалауды;
  • шетелдік және салааралық, алғы салалық тәжірибеніпайдалануды.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх