Пайдалы қазбаларды байыту

Мамандың шифры:

5B073700

Профильді пән:

Химия - Физика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

«Пайдалы қазбаларды байыту» бағдарламасы  келесі мамандарды дайындау үшін арналған:

- кендерді өңдеу саласындағы инженерлі-техникалық және ғылыми-зерттеу қызметіне;

- тау-кен байыту, металлургия, алтын және уран өнеркәсібінде жұмыс істеу;

- кедендік, салық құрылымдарында, ішкі істер, қорғаныс және қауіпсіздік органдарында  жұмыс істеу.

Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары болып байыту фабрикалары, уран кен орындары, асыл металдар өңдеудегі металлургиялық зауыттар, құрылыс саласының кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар табылады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары (университеттер, институттар, колледждер).

Кендегі бағалы минералдарды байыту тәсілдері табылса ғана  қазба пайдалы болады. Оларды жинақтау әдістерін пайдалы қазбаларды байыту деп, ал әлемдік тәжірибеде - минералургия деп аталады.

Жыл сайын пайдалы қазбалар кедейiрек болады. Демек, жыл өткен сайын  пайдалы қазбаларды байытатың кәсiпорындарды жасау мағынасы өседi.

 Бағдарламаның  мақсаты: «Пайдалы қазбаларды байыту» саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау.

Бағдарламаның міндеті: қажетті білім және дағдылардың жиынтығына иеленуші мамандарды шығару.

Бағдарламаның миссиясы: білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларға  икемді білім беру, үдерісін ұсыну.

Бағдарлама ұзақтығы: бакалавриат - 4 жыл.

Сабақтар жұмыс күндерінде атқарылады.

Кредиттердің жалпы саны: бакалавриат – 129.

Тегін оқу гранты бойынша.

«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы зертханаларының жалпы алаңы 500 - астам м2.

Кафедрада 10 оқу зертхана, қазіргі заманғы байыту құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу шеберханалары бар.

Бағдарламаның артықшылықтары:

• Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі

• Білім беру сапасы жоғары дәрежеде

• Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі беретін диплом

• Мансаптық өсу мүмкіндігі

• Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы

• Әрбір білім алушыға жеке көзқарас

• Жетекші шетелдік оқытушылармен өткізілетің семинарлар, тренингтер

• Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы

• Магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік тағылымдама

Әр оқу жылы аяқталған соң бакалавриатта оқитын студенттер өндірістік  практикаға жетекші ұйымдар мен кәсіпорындарға жіберіледі. Кафедрада 3 филиал бар: АҚ «Металлургия және кен байыту институты», «Казмеханобр» және Жоғары технологиялар институты (ЖТИ) «Қазатомөнеркәсіп ҰАК». Өндірістік практиканы студенттер корпорация «Қазақмыс» және «Қазмырыш» кәсіпорындар корпорацияларында өтеді.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх