Тау - кен ісі

Мамандың шифры:

5В070700

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

«Тау-кен ісі» кафедрасы «Тау жыныстарын бұзу және шахта құрылысы»,«Ашық кен жұмыстары» және«Пайдалы қазбаларды жерасты игеру»таректориясы негізіндегі үш мамандандыру бағыттары бойынша бакалаврларды, магистранттарды және PhD докторанттарын дайындайды. Ұзақ жылдар бойы дәстүрлі түрде білікті мамандарды дайындап келе жатқан кафедра ұжымы Қазақстанның тау-кен өндірісі кәсіпорындарына қажетті жоғарғы дәрежелі мамандарды дайындау дәстүрлерін жалғастырып келеді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті техникалық білім беру бойынша алдағы уақытта жаңа ұрпаққа техникалық білімді мамандар даярлау жолындағы миссиясына, мақсаты мен міндеттеріне, стратегиялық даму жоспарларына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды жүзеге асырады.

5В070700 «Тау - кен ісі» білім беру бағдарламасының мақсаты Тау - кен өндірісіндегі әр түрлі Тау-кен геологиялық шарттарында жер асты қазба байлықтарын игеретін және заманауи тау-кен көліктерімен жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары кәсіби инженерлерді дайындау болып таблады.

        Білім беру бағдарламасының құрылымы бірін-бірі толықтратын бірнеше оқу бөлімдерінен тұрады. Білім беру бағдарламасы базалық және профильдік пәндер арқылы теориялық білім беру,  әр түрлі тәжрибелік жұмыстар, дене тәрбиесі,әскери дайындық, аралық және қортынды аттестациялар арқылы жүзеге асады. Баклаврдың білім беру бағдарламасы модульдік жүйе негізінде құрастрылған.

        «Тау - кен ісі» білім беру бағдарламасы көпдеңгейлі кадрларды дайындау жүйесін дамту,білім беру біліктілігін арттыру, білім және ғылым саласындағы иновациялық бліктілікті арттра отрып, төмендегі пункттерді қамтамасысыз ету керек:

       - Пайдалы қазындыларды игеру бағытында сапалы және кәсіби білім беру;

        -Тау - кен экономикасын, кен өндіру технологиясын, кешенді механизацияны сапалы оқытып, тау - кен өндірісіне қажетті кадрлар дайындау.

          Білім алушыларды оқтудың негізгі қызметі, тау - кен кәсіпорындарындағы қара және түсті металлургия, отын - энергетика кешендерін өндіру металемес тау       - кен шикізатын, ғылыми - зерттеу және жобалау институттарында, зертханалармен  жоғары және орта техникалық, бастауыш кәсіптік оқу орындарындарында оқыту болып таблады

5В070700«Тау - кен ісі» бакалаврі мына бағыттарда жұмыс істей білуі қажет Тау - кен саласындағы ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметтерді:

- ұйымдастыру жұмысын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы қызмет, өндірістік ұжымдарымен;

- жоспарларды әзірлеу, тау-кен саласындағы қажетті техникалық құжаттамаларды, материалдарды, құрал - жабдықтарды бақылауды қамтамасыз ету;

         - жұмысты орындау кезіндегі сапа талаптарын, құндылығын, орындалу мерзімін, бәсекеге қабілеттілігін, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін және сенімділігін  ескере отырып оңтайлы  шешім қабылдау;

         -  жұмыс орнын ұйымдастыру және техникалық жарақтандыру;

          -  жұмысты орындау барысында техникалық бақылауды жүзеге асыру;

         - өндірістік - технологиялық саласы бойынша қызметтері:

         - физикалық және  эксперименттік зерттеулерді жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеуді, заманауи  әдістермен және өлшеу әдістемесімен негіздеу;

 - әртүрлі мақсаттағы технологиялық процестерді өндіріске енгізу, олардың сапасын бақылау элементтері мен тораптарын жасау;

- қазбалардың нормаларын, кенді игерудің технологиялық нормативтерін есептеу, типтік жабдықтарды таңдау, кен орнын игерудің және тау-кен жұмыстарының өндірісін экономикалық тиімділіктерін алдын-ала бағалау;

- тау - кен шахталық техникалар мен жабдықтарды тиімді пайдалануды жүзеге асыру, кенді қазу кезіндегі технологиялық процесстердің параметрлерін таңдау және есептеу; 

- тау - кен өндірісінің өнімдерін стандарттау және сертификаттау;

- өндірісті экологиялық жағынан бақылау;

- пайдалы қазындыларды өндіру және игеру жұмыстарына белсенді түрде қатысу;

Экспериментальды-зерттеулер саласы бойынша қызметтері:

  • пайдалы қазындыларды өндіру барысында заманауи техникалық құрал жабдықтарды және компьютерді пайдалана отрып зерттеу жүргіу;
  • пайдалы қазындыларды өндіру кезіндгіпроблемаларды шешудің нұсқаларын тауып, қажетті нұсқаларды таңдап шешім табу.
  • Тау - кен құрлыстарында және пайдалы қазындыларды өндіру барысында қажетті техникаларды және технологияларды таңдай отырыпжұмыс істей білуі қажет.

Бағдарламалық - басқарушылық саласындағы қызметтері:

пайдалы қазындыларды өндіру барысында компьютер арқылы технология мен құрал - жабдықтарды таңдау.

- геоақпараттықжүйерлерге компьютерлік технологияларды пайдалану;

- жүйелер мен жабдықтарды ақпараттық түрде қамтамасыз ету.

Білім беру - педагогикалық саласындағы қызметтерде:

  • персоналдармен жұмыс істеу және көлемді білім беруді қамтамасыз ету.

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх