Мұнай газ ісі

Мамандың шифры:

5B070800

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаты 
Білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаты:
«Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын халықаралық тану, білім алушылар мен профессорлық – оқытушылар құрамының мобилділігін қамтамасыз ету, сол сияқты жоғары және жоғары оқу орынынан кейін кәсіптік білім берудің барлық дәрежесі мен деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш деңгейде дайындау жүзеге асырылады: білім берудің кредиттік жүйесін қолдану арқылы "бакалавр" - "магистр" - "доктор"
Сонымен қатар, Сорбон конвенцияларының (1998), Болон декларацияларының (1999) және Болон конференцияларының (2001, 2003) ұсыныстары ескеріледі.
5В070800 «Мұнай газ ісі» мамандығына білім беру бағдарламасының мақсаты салдарлардың белгіленген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде дағдылар мен құзыреті, икемділік, білім деңгейімен дәлелденген мұнай газ ісі облысында толық және сапалы кәсіби білім болып табылады.

 

5В070800 – «Мұнайгаз ісі»мамандықтың оқу бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері 
Қ. И. Сәтбаев атындаңы ҚазҰТЗУ-дің потенциалды тұтынушылары мен бітірушілер ассоциациясының пікірлерін ескере отырып, Университет миссиясы мен талабына сәйкес 
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнайгаз ісі институты Ғылыми Кеңесі бекіткен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім стандарттарының 5B070800 – Мұнайгаз ісі мамандығының оқу бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері.


Негізгі мақсаты, мұнайгаз саласының еңбек нарығына техникалық мамандықтағы бәсекеге қабілетті буынды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Мұнайшыларды, мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау технологиясын білетін, өңдеу процестері мен мұнай және газ кен орындарын пайдалану, жобалай және құрғақта және теңізде газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын пайдалану және жалпы білім беру, базалық және профильдік пәндер бойынша іргелі дайындықтағы мамандар дайындау, өзбетінше дайындық деңгейін көтеріп оқып жүргендерге мүмкіндік туғызу.
2.Профессионалдық қызмет ауқымында бүгінгі компьютерлік технологиялар мен тәжірибелік-зерттеушілік жұмыстардың нәтижелерін пайдалана отырып, инженерлік мәселелердің шешу жолдарын көріп, сараптап, таба білетін, біліммен, шеберлікпен, тәжірибе және компетенциямен қаруланған оқырмандармен қамтамасыз ету.
3.Тарихи мемлекеттік тіл, орыс және басқа да шет елдік тілдер мен этикалық тәрбие идеалдарымен қаруланған, профессионализм мен табиғи ресурстарды пайдаланатын экологиялық жауапты, әлеуметтік-экономикалық заңдар негізінде дамыған қоғамды әлеуметтік-гуманитарлық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарламалық дайындықтағы 5B070800 - мамандықтар бойынша оқу процестерін демократиялық принцип жетістіктерімен басқаруға бағытталған, жоғары оқу орнының мүмкіндігі мен академиялық азаттығын кеңейтуге; жоғары білімді мамандықтар бойынша қоғам мен ғылымның өзгермелі тұтынушылығына бейімдеу; өзге елдердегі мамандық дайындау деңгейін тану; еңбек парағындағы өзгермелі жағдайға бітірушілердің жоғары мобильдігін қалыптастыру.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх