Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы

Мамандың шифры:

5В073000

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Т.К. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының (СжҚИ) «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» (ҚМБжКӨ), «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы» мамандықтары бойынша білім алушыларды дайындайды.

Бакалаврларды дайындау бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру базалық білімі бар, оқытылатын пәндер профиліне сәйкес және білім мен ғылым саласында қызмет ететін ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. 

Инновациялық даму және болашағы бар құрылыс өндірісі саласын түрлердіруді қамтамасыз ететін кадр ресурстарын дайындауға бағытталған бағдарламада қолданады:

- жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін өндірістер;

- жаңа ақпараттық технологиялар;

- жобалау және басқаруға біріктіру.

Білім беру бағдарламасын материалды-техникалық және кадр потенциалымен қамтамасыздандыру білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен практикасын жүргізу үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ-ның, сондай-ақ Алматы қаласы, облысы және ҚР басқа қалаларының құрылыс материалдар өндірісі бойынша кәсіпорныдарының, ҒЗИ және сәйкестігін растау зертханаларының зертханалық базасын қолдануға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлау:

- белгілі сала және сапада қажетті мөлшерде мамандарды дайындау қажеттілігін қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының мақсатымен негізделіп анықталатынын;

- әр бір мақсатты іске асыру үшін қажетті сандық және сапалық ресурстық қамтамасыздықты бағалауын;

- қолда бар ресурстарды талдау, оларды жетілдіру мүмкіншілігін;

- іске асыру, салыстырмалы келешегінен әр бір мақсаттың мәнін бағалау;

- ғылыми-зерттеу қызметінің этаптарында инновация сферасында мамандарды дайындауға кешенді талаптар.

Бағдарламаның тұтынушылары және қызығушылық танытатындар болып:

- абитуриенттер - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» және «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы» бағыттары бойынша бакалавр дәрежесін ізденушілері, олар құрылыс материалдар, бұйымдар және конструкциялар өндірісі технологиясы облысындағы кәсіптік қызметке бағытталған;

- құрылыс индустрисының компаниялары, оның ішінде құрылыс материалдар, бұйымдар және конструкциялар өндірісі технологиясын нарыққа енгізетін шетел компаниялары;

-  мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің П029-02.08.2.03-2014 Профессорлық-оқытушы құрамын аттестациялау туралы ережелерге сәйкес жұмысқа алынған және олар магистрлік академиялық дәрежесіне немесе доктор ғылыми және/немесе ғылым кандидатыPh.D докторы дәрежесіне ие.

Жүгінісов М.Т. профессор; Қаутбаева Т.К. профессор ғылым докторлары жас оқытушылардың тәлімгерлері және кафедраның ғылыми мектебі бағытына жетекшілері. Өндірістік өтілі жоқ оқытушылар екі айлық немесе академиялық мерзімге өндірістік кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу немесе жобалық ұйымдарда тағылымдама өтілуі жоспарлануда. Оқытушылардың ағылшын тілінде оқу процесін жүргізуге тырысу, ал келешекте үш тілдің бірлігі принципін нақты іске асыру  ынталандырылады.

 

Оқу үдерісі кредитті технология бойынша жүргізіледі. Бакалавр мен магистратурада оқу түрі күндізгі, мерзімі 4 және 2 жыл. 

Екінші жоғары білім алушылар және колледж түлектері үшін қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жедел оқу жоспары дайындалған.

"Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет саласы ғылыми техникалық өндіріс, және осының ішінде құрылыс материалдарын мен бұйымдардың технологиясы болып

- құрылыс материалдарын мен конструкцияның технологиялық жүйелік кезеңдерін жобалау;

- сертификаттау;

- құрылыс материалдарын мен конструкцияның сапасын бақылау;

-  құрылыс материалдары мен конструкциялардың технологиясы бойынша орта кәсіптік білім беру;

- ғылыми және педагогикалық қызметі саналады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты «ҚМБжҚӨ», «АӨжАБТ» мамандықтары бойынша тиісті кәсіби білімі бар, ресурстық тиімді құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіре және жобалай алатын сұранысқа ие маман дайындау.

Бұл үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:

- Болонды декларациясының қағидаларына сәйкес жаңа формациядағы құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндірісінде еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлау;

- «ҚМБжҚӨ» және «АӨжАБТ» мамандығы бойынша білім алушылар арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- бакалаврдағы тілдік дайындық;

5В073000 «ҚМБжҚӨ» мамандығында пәндер циклдері бойынша:

  • жалпы білім беретін пәндерге қатысты білім алушы қоршаған шындықты, негізгі заңдарды біле отырып, тұжырымдап, объективті дүниетанымдық көзқарасы қалыптасу керек;
  • білім алушы базалық пәндерді меңгеріп біліп профильдік пәндерді меңгере алады;
  • профильдік пәндер мен таныса отырып. білім алушының құрылыс материалдары бойынша тұжырымдау жүйесі және кәсіби білімі жоғарлайды.

 «ҚМБжҚӨ», «АӨжАБТ» білім беру бағдарламасының міндеті

- көп деңгейлі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

- құрылыс материалдарының өндірісіндегі экологиялық-экономикалық мәселелер білетін, қалыптасқан сауатты, мәдени және әлеуметтік іс-әрекет жауапты маманды дайындау;

- техникалық-технологиялық форматта, білім алушының іскерлік және ғылыми жұмыс дағдыларын және еңбексүйгіштігін дамыту;

- халықаралық нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР заңнамасы білетін маман дайындау.

 

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх