Полиграфия

Мамандың шифры:

5B072200

Профильді пән:

Физика - Математика

Кафедрада ҚР БҒМ ОЖӘК «Полиграфия» секциясы жұмыс істейді (бакалавриат, магистратура). Негізгі міндеті типтік оқу жоспарларын, бағдарламаларды, барлық «Полиграфия» мамандығына арналған оқу-әдістемелік материалдарды сараптамадан өткізу болып табылады.

Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: Қазіргі заманғы қарқынды даму кезінде принтмедиа бизнес аумағында жоғары дәрежелі көшбасшы мамандарды дайындау.

Міндеті: Принтмедиа технологиялар аймағында кең ауқымды дайындығы бар және басты құзыреттіліктерді меңгерген бакалавр мен магистрлерді дайындап шығару.

Миссиясы және стратегиясы

білімалушының ерекшеліктерін және жеке сұраныстарын есепке ала отырып, ыңғайлы,  ұтымды білім үрдісін қалыптастыру арқылы  принтмедиа технологиялар  аймағында сұранысқа ие мамандарды дайындау.

Стратегиялық міндеттері:

- ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім қызметін ұсыну;

- принтмедиа технологиялар саласында шетел және отандық мамандардың ең үздігін салаға шақырту арқылы,  қазіргі заманғы білім технологияларын қолдану;

- профессорлық-оқытушылар құрам (ПОҚ)  және білімалушылардың ғылыми зерттеу қызметінің сапасын арттыру;

- ПОҚ біліктілігін арттыру және өзіндік даму білімін үздіксіз жетілдіру;

- материалдық-техникалық базаны жаңарту, бекіту.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх