Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Мамандың шифры:

5В071900

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Радиотехника, электроника және телекоммуникация – бұл телекоммуникация мен  радиотехникалық құрылғылар, технологиялар, электронды құрылғыларды эксплуатациялау және жасау, өңдеу, зерттеуге байланысты қызметтердің әдістері мен тәсілдерінен, құрылғылар жиынытығынан тұратын ғылым мен техника саласы. «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» бағытындағы бакалаврлер электрониканың физикалық негіздері, телекоммуникация негіздері курсын, оптика, спутниктік байланыс жүйесі, радиотехника және электрониканың арнайы құрылғылары, ұялы байланыс, инженерлік және компьютерлік графика және т.б. пәндерді игеруі керек.

 

Мақсаты:  5В071900 мамандығының мақсаты – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» (Бакалавриат) ұялы байланыс және электрондық, радиотехникалық, телекоммуникациялық жүйелер эксплуатациясы және енгізу, өңдеу саласына бағытталған кадрлерді дайындау.

 

Бағдарлама тапсырмасы: қажетті білім мен тәжірибе жинағын меңгерген бакалаврлерді дайындау.

 

Бағдарлама миссиясы: бакалаврлердің ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ыңғайластырылған оқу процесін ұсыну.

 

Бағдарлама ұзақтығы: 4 жыл немесе 8 академиялық семестр.

 

Сабақтар жұмыс күндері өткізіледі.

 

Кредиттердің жалпы саны: 129.

 

Бағдарлама артықшылықтары:

- Әрбір студентке оқу модулі және курсын таңдау мүмкіндігін ұсыну.

- Қазақ және орыс тілдерінде оқыту.

- Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-нан диплом.

- Карьералық өсу мүмкіндігі

- Жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылар құрамы.

- Әрбір студентке жеке дара тіл табу

- Алдыңғы қатарлы шетелдік ғалымдар мен профессорлар лекцияларын өткізу.

- Оқу зертханаларының заманауи құрылғылармен жабдықталуы.

- Тәжірибе базасының болуы.

- Мамандық бойынша магистратура және докторантура оқуды жалғастыру мүмкіндігі.

- «Қазақтелеком» АҚ; «Қазпочта» АҚ; «Алматытранстелеком» АҚ;  «Кар-Тел Beeline» ЖШС;  «Kaztranscom» АҚ; «Алма-ТВ»; Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жанындғы ҚТС және т.б. мекемелерде тәжірибеден өту мүмкіндігі.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх