Ғарыштық техника және технологиялары

Мамандың шифры:

5В074600

Профильді пән:

Физика - Математика

Ғарыш саласы қоғамның тіршілік әрекетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ғарыштық бағдарламаларды дамыту мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық, қорғаныс қуатын анықтайды. Ғарыш қызметі біздің Республикамыздың халық шаруашылығының экономикасының жетекші салаларының біріне айналуда.
Кәсіби қызмет саласы - Ғарыш қызметі ғарыштық техника мен ғарыштық материалдарды пайдалануды, құруды (жобалау, құрастыру және сынау), экономика салалары үшін геоақпараттық жүйе мен жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық технологияларын пайдалану және дамуды, ғарыш қызметімен байланысты басқа да қызмет көрсетуді, және де ғарыштық технологияларды пайдалану және зерттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.
Кәсіби қызмет нысандарына –ғарыш аппараттарын құрастыру мен сынау кешені (ҒАҚСК) бойынша ұйымдары, ғарыштық техниканы пайдаланатын ұйымдары, ғарыш аппараттарын дайындау және ұшыру ұйымдары, жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану бойынша жетекші салалар ұйымдары мен кәсіпорындары, жерсеріктік деректерді пайдалану арқылы отырып көлік инфрақұрылымдарын мониторингілеу бойынша ұйымдар жатады.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты толық, сапалы негізгі білім беру үшін жағдаймен қамтамасыз ету, нақтылай келгенде орыс және шет тілдер, мемлекеттік тіл, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, тарихтар, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңына негізделген әлеуметтік-гуманитарлы білімді қамтамасыз ету үшін жалпы білімдік тәртіптің циклын оқып білу болып табылады.

 

Білім беру бағдарламасының міндеті әлемдік білім беру кеңістігіне бакалавриат бағдарламаларының интеграциясы, ел ішінде де сонымен қатар халықаралық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті жергілікті бакалаврларды дайындау болып табылады.

 

Бакалаврдың білім беру бағдарламасының негізгі құзыреттілігіне талаптар. Кәсіби мәселелерді шешу үшін келесі түсініктер болу керек
-ғылымды дамытудың күйі мен заңдылығы, ғарыштық техника және технологиялары, инновациялық ГАЖ туралы;
 -ғарыштық салаға қолданбалы өнімдерді жасау және жобалауқазіргі заманғы әдістері мен тәжірибелік зерттеу жүргізу тәсілдері, озық білім туралы;
-ғарыштық технологияларды қолдана отырып кеңістік деректер инфрақұрылымның дамуы үрдістері туралы;
 

Біздің түлектер:
- ғарыш бағытындағы зымыранды ұшыру және ғарыш қызметі мен технологиялардың негіздері;
- ғарыш аппараттарының навигация мен баллистика негіздері;
- жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің негіздері;
- жүйелер мен желілерді басқару;
- ғарыштық техника мен технологияларына қатысты заңнамалы және өзге де нормативтік материалдар, сонымен қатар халықаралық стандарттарды білетін болады.
 

Біздің түлектер:
- Зымыран және ғарыштық зымыран техникаларының функционал үлгілерінің математикалық модельдерін құруын, сондай-ақ зымыран және ғарыш зымыран техникасын тұтастай және оның жекелеген бағыттарының да даму күйі мен болашағын талдауды;
- Танымдық және кәсіби қызметтебір-бірімен байланысты және фундаментал ғылымдардан алған негізгі білімді пайдалануды;
- Жерсеріктік деректерді қолдана отырып жерді қашықтықтан зондтау бағдарламаларын пайдалануды;
- Нақты уақыт тәртіптемесінде мәселелерді шешу үшін геокеңістіктік деректерді
қолдану бойынша әдістер мен инновациялық технологияларды пайдалануды;
- Ғарыш саласының қосымшалар жиынтығы шешуді қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқылы және анықтамалық құжаттар және материалдармен жұмыс істеуді орындай алуы тиіс.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх