Стандарттау, метрология және сертификаттау

Мамандың шифры:

5В073200

Профильді пән:

Физика - Математика

5В073200 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау 2015ж.11.07 №KZ56LAA00005304 мемлекеттік лицензияға сәйкес жүргізіледі.

5В073200 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» білім бағдарламалары нормалардың орындалуын бақылау және тарату, талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары және метрологиялық қамтамасыз етулері, өнімдердің қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік аймақтарына бакалаврлар мен магистрлерді дайындау бағытталған.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» білім бағдарламасының мақсаттары:

  • Түлекті ұйымдастырушылық қызметі кәсіптік қызметінде кері әсерлерді шектеуші, рухани құндылықтарды дамыту, маральдық этикалық тұлғаны қалыптастыру, қоғам мүшесі ретінде, Қазақстан Республикасының заңдық жүйесі мен құқығын, жоғары деңгейдегі кәсіби мәдениеттілікке, азаматтық көзқарасқа дайындау.
  • Түлекті үздіксіз өз-өзін кәсіби дамытуға, жаңа білімдерді игеруге, қызмет көрсету және өндірістін әр түрлі саласындағы инновациялық бағыттарды игеруге дайындау.
  • Стандартау, метрологиялық қамтамасыз ету және өнімді (қызметті), үрдісті (жұмысты) сертификаттау әдістері мен тәсілдерін білетін бакалаврларды дайындауды қамтамасыз ету.
  • Өнімді метрологиялық қамтамасыз ету мен өнімнің сапасын бақылауға арналған бақылау өлшеу және сынау техникаларын қолдануда тәжірибелік біліктілігін алуға әсер ету.
  • Білім алушылардың командамен жұмыс істеу шеберлігін, өндірістік және этикалық жауаптылығын, әртүрлі мамандармен араласып жұмыс жасауды, сонымен қатар өзінін біліктілігі мен шеберлігін шындауды қалыптастыру.
  • Техникалық реттеу мен метрология саласында, басқару органдарында және оқу орындарында жұмыс жасау үшін кәсіби қызметтін фундаменталды біліммен қамтамасыз ететін пәндер арқылы студенттерді дайындау.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх